2025 жылғы 23 шілдеде Орал қаласында шахматтан ІІ «Senat Open» ашық кубогының бес жартылай финалының төртіншісі өтеді. Оның қорытындысы бойынша үздік 35 ойыншы финалда (29 тамыз, Астана) «Батыс» аймағының (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары) намысын қорғайды.
2024 жылы ҚР Парламент Сенатының (жоғарғы палата) Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың ұсынуымен және KazChess/Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) президенті Тимур Турловтың қолдауымен ұйымдастырылған ауқымды іс-шара – «Senat Open» ашық кубогы аясында бүкіл Қазақстанда 2000-нан астам шахмат әуесқойы қатысқан шахматтан рапид турнирлері өтті.
2025 жылы жарыс екінші рет өтіп жатыр. Сұлбасы бұрынғыдай – үш кезеңдік: 1) 21 ақпаннан 27 мамырға дейін 20 іріктеу туры өтті (барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда), 2) 25 маусымнан 9 тамызға дейін –аймақтық белгі бойынша құрылған 5 жартылай финал (Оңтүстік, Орталық, Солтүстік, Батыс және Шығыс) және 3) 29 тамызда Астанада финал өтеді. Бұрынғы шектеу де сақталады: 2025 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша уақыт басқарудың кез келген нұсқасында (классика, рапид және блиц) қатысушылардың Эло рейтингі 2000-нан төмен болуы керек.
Іріктеу турларына 2100-ден астам шахмат әуесқойының қатысқанын қуана атап өту керек. Ал іріктеу турларының алдында өткен ардагерлер жарыстарын есепке алсақ, олардың саны 3000-нан асты!
Ал енді жартылай финалдардың уақыты келді: 25 маусымда Түркістанда («Оңтүстік» аймағы) басталған турнирлер одан кейін 29 маусымда Семейде («Орталық» аймағы) және 4 шілдеде Көкшетауда («Солтүстік» аймағы) өтті. Жартылай финалдар эстафетасын 23 шілдеде «Салтанат сарайында» (Әбілқайыр хан даңғылы, 1-ғимарат) Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын қамтитын «Батыс» аймағының жартылай финалы жалғастырады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл өңірлерде өткен іріктеу турларының жеңімпаздары болып Серікбай Қашағанов (Маңғыстау облысы), Ғабит Бисенғалиев (Атырау облысы), Уақбай Төгісов (Ақтөбе облысы) және Тайыр Жұмабаев (БҚО) атанды.
Іріктеу турлары сияқты, жартылай финалдар да рапид 10+5 уақыт бақылау нұсқасымен швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан өтеді (әр ойыншыға партияға 10 минут беріліп, әр жасалған жүріс үшін біріншісінен бастап 5 секунд қосылады).
Әрбір жартылай финалда үздік шыққан 35 қатысушы (бірақ жартылай финалға қатысатын әр аймақтан кем дегенде4 қатысушыдан) финалға өтеді.