Солтүстік Қазақстан облысында «Ұлы дала астығы – 2025» дала күні өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Тамыз 16, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан облысында «Ұлы дала астығы – 2025» дала күні өтті

05.08.2025
0
Солтүстік Қазақстан облысында «Ұлы дала астығы – 2025» дала күні өтті

Аграрлық саладағы басты шара фермерлерді, ғалымдарды, бизнес өкілдерін және мемлекеттік органдарды біріктірді. Қатысушылар агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдықтарын, мемлекеттік қолдау шараларын және алдағы егін жинау науқанына дайындық барысын талқылады.

Дала күнінде озық агротехнологиялар мен тәжірибелер көрсетіліп, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының арнайы көрмелері ұйымдастырылды, жаңа тұқым сорттары мен агрохимиялық препараттар таныстырылды. Тыңайтқыштар, тұқым және өсімдікті қорғау құралдарын жеткізушілер өз өнімдерін ұсынды.

Іс-шараның негізгі бөліктерінің бірі – семинар-кеңес болды. Онда қатысушылар АӨК дамытудың стратегиялық басымдықтарын, егін жинау науқанына дайындық және қолдау шаралары мәселелерін талқылады.

«Мемлекет аграршыларға жүйелі қолдау көрсетіп келеді – жеңілдетілген несиелеуден бастап қайта өңдеуді ынталандыруға және сыртқы нарыққа шығуға дейін.

Егістік және егін жинау жұмыстарына 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылған. Бұған дейін бұл мақсатқа 70 млрд теңге бөлінсе, биыл 700 млрд теңге бөлінді, яғни 10 есе өсті.
Өндіріс шығындарын төмендетуді барлық фермерлік санаттары үшін қолжетімді етуге жұмыс істеп жатырмыз. Қаржыландырудың қамтылуы 2 жылда 3,5 мыңнан 14 мың қарыз алушыға дейін артты. Уақытылы берілген жеңілдетілген несиелердің арқасында аграршылар тыңайтқыш, тұқым, қосалқы бөлшектер сатып алып, жұмысшылардың еңбекақысын қолжетімді бағамен төлеуге мүмкіндік алды.

Маңызды бағыттың бірі – техникалық қайта жарақтандыру. 2025 жылы техникаға жеңілдетілген лизинг үшін 250 млрд теңге бөлінді, 12 мың бірлік сатып алу жоспарлануда. Екі бағдарлама да таза 5% мөлшерлемемен несие беруді көздейді, пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды және субсидия төлемін күтуді қажет етпейді. Бұл – жақсы тәжірибе, оны басқа несие бағыттарына, оның ішінде мал шаруашылығына да кеңейтуді көздеп отырмыз: 25 шілдеден бастап Аграрлық несие корпорациясы арқылы айналым қаражатын қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды, оған 50 млрд теңге қарастырылған», — деді семинарда Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.

Сонымен қатар, импортты алмастыру бағдарламасын кеңейту жоспарланғаны атап өтілді. Бағдарлама аясында сүт-тауарлы фермалар, құс фабрикалары және ет өңдеу кешендері 2,5% мөлшерлемемен салынатын болады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге қолдау көрсетіледі: 2025 жылы қайта өңдеуші кәсіпорындардың айналым қаражатына 44 млрд теңге бөлінді.

Экспортқа ерекше назар аударылуда. Қазақстан АӨК өнімдерін жеткізу географиясын кеңейтуде: дәстүрлі нарықтарға қосымша жаңа бағыттар ашылды – Мысыр, Марокко, Вьетнам, Ұлыбритания, Португалия және басқалары. 2025 жылы Қытаймен 12 ветеринариялық хаттамаға қол қойылды, оның ішінде құс еті, сиыр еті, қой еті, бал және сүт өнімдері бар. Бүгінде Қазақстан АӨК өнімдерін әлемнің 66 еліне экспорттайды.

Семинар-кеңеске қатысушылар Солтүстік Қазақстан облысындағы егін жинау науқанына дайындық барысын талқылады. Науқан 4,3 млн гектарды қамтиды, оның 3 млн гектары дәнді дақылдарға, шамамен 1 млн гектары майлы дақылдарға тиесілі. Өңір аграршылары атқарылған жұмыстардың арқасында жақсы өнім күтуде: егістік алқаптарын әртараптандыру, техниканы жаңарту, 329 мың тонна тыңайтқыш енгізу және жаңа тұқым сорттарын қолдану.

Бұл іс-шара фермерлер, ғылым, бизнес және мемлекет арасында тәжірибе алмасу, салалық мәселелерді талқылау және бірлескен шешімдер қабылдаудың маңызды алаңы екенін тағы да дәлелдеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Медиация – дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей, өркениетті жолмен шешудің тиімді тетігі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Серімов Есет: жарты ғасырлық жол – мал шаруашылығында

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.