Орал қаласында «Ақ бидай» VIII облыстық ауыл спорты ойындары басталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Тамыз 16, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Орал қаласында «Ақ бидай» VIII облыстық ауыл спорты ойындары басталды

06.08.2025
0
Орал қаласында «Ақ бидай» VIII облыстық ауыл спорты ойындары басталды

Орал қаласында «Ақ бидай» VIII облыстық ауыл спорты ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Жарысқа Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан келген спортшылар қатысуда.

Аталған шараның мақсаты – ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, ауыл спортының дамуына мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп отырғанын атап өтті.

«Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі. Соңғы жылдары мемлекет қолдауының нәтижесінде балалар спорты қарқынды дами бастады» деп  спорттың дамуына баса назар аударған болатын. Осы орайда өңірімізде спорттың дамуына жан-жақты жағдай жасалып келеді. 2024 жылға дейін облысымыздың барлық аудан орталықтары заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешендерімен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өңірге жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес өткен жылы  Орал қаласында – «Жайық Арена» көп функционалды спорт кешені ел игілігіне берілді. Ендігі кезекте облыстың ірі ауылдары 14 спорт нысандарымен қамтылатын болады», – деді аймақ басшысы.

Спартакиада бағдарламасына қазақ күресі, волейбол, көкпар, асық ату, садақ ату, тоғызқұмалақ және өзге де спорт түрлері енгізілген. Жалпы саны 1000-нан астам спортшы қатыспақ.

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындары 9 тамызға дейін жалғасады. Жеңімпаздар командалық және жекелей есепте анықталатын болады. Шараны ұйымдастырушылар – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан әкімдіктері.

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындары Батыс Қазақстан облысында 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Жарыс бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ өңірішілік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Жалпы бүгінде  облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылданушылардың жалпы саны 286 мың адамды, ол облыс халқының 41,2 % құрайды. 2029 жылы дейін бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл мақсатта облыс көлемінде 1563 спорттық құрылым жұмыс істейді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елордалық спортшылар екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған «Жақсы ән мен тәтті күй» атты ерекше поэзиялық кеш ұйымдастырылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.