Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЭкономика

Бұл – облыс үшін маңызды нысан

Аймақ басшысы Берік Уәли облыс орталығын аралау барысында «Шығыс-Қазақстан ұн құрама жем комбинаты» АҚ-да болып, өндіріс процесімен танысты.

1936 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорында қазір 381 адам еңбек етеді. Мұнда барлық сұрыптағы бидай ұны, кебек, құрама жем және макарон өнімдері өндіріледі. Биылға арналған өндірістік жоспары мынадай: бидай ұны – 112 671 тонна, кебек – 27 606 тонна, макарон өнімдері – 6 900 тонна, құрама жем – 52 800 тонна. Кәсіпорын жыл сайын 144 450 тонна бидай өңдей алады.

Былтыр бұл жерде жаңғырту жұмыстары жүргізілген. 2025-2029 жылдары диірмен мен құрама жем өндірісін ішінара жаңарту жоспарланып отыр. Дегенмен, қазіргі таңда өндірістік қуат толық пайдаланылмай, элеваторда үшінші тарапқа тиесілі астық сақталып отыр. Осы мәселені шешу үшін зауыт басшылығы облыс әкімінен қолдау сұрады.

Берік Уәли кәсіпорынның өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне қосып отырған үлесін жоғары бағалап, өндірісті толық жүктеу және жергілікті өнім көлемін арттыру қажет екенін айтты.

«Бұл – облыс үшін маңызды нысан. Дайын инфрақұрылымы мен тәжірибелі мамандары бар. Бірақ қуаты толық пайдаланылмай отыр. Негізгі мақсат – комбинаттың қуатын арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге көшу. Біз бұл бағытта жүйелі қолдау көрсетеміз», – деді аймақ басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Жоғарғы Сот Төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Асламбек Мерғалиевтің жаңа Конституцияның 28-бабының ережелеріне түсіндірме

admin_altyalash

«Kids EXPO. Балалар әлемі»: Астанада балалар тауарлары жәрмеңкесі өтеді

admin_altyalash

Астанада 30-дан астам мектеп салынып жатыр

admin_altyalash