Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Елордалық жастар кәсіби спортшымен кездесті

Астанада Жастар күніне орай «Bir Tolqynda» диалог алаңы өтті. Іс-шараны елордалық «Жастар рухы» жастар қанатының филиалы Байқоңыр ауданы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға шамамен 150 жас қатысты. Бұл орын танымал спортшылармен еркін пікір алмасуға мүмкіндік берген нағыз байланыс алаңына айналды. Әсіресе, «Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Әлихан Әсетовтің үлкен спортқа келу жолы туралы әңгімесі ерекше қызығушылық тудырды.

«Менің кәсіби карьерам Өскеменде, «Торпедо» хоккей клубының мектебінде басталды. 2012/2013 маусымында Ресей біріншілігінде дебют жасап, Қазақстан чемпионатында «Казцинк-Торпедо-2» сапында алғашқы матчымды өткіздім – бұл менің кәсіби хоккейдегі бастауым болды», – деді Асетов.

Іс-шара барысында жас қатысушылар сұрақтарын қойып, мотивация, спорт және жетістік тақырыптарында әңгіме өрбітті. Кездесу соңында Әлихан Әсетов жастарды спортпен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға және елі үшін адал еңбек етуге шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен Азия чемпионы атағын жеңіп алды

admin_altyalash

Совет мультфильмдерін қазақшалауға қанша қаражат керек – вице-министр жауабы

admin_altyalash

Өңірлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда

admin_altyalash