Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the pennews domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-includes/functions.php on line 6131
Ақмола облысы әкімінің білім беру гранттары: 110 талапкер тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБілімЖаңалықтар

Ақмола облысы әкімінің білім беру гранттары: 110 талапкер тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады

Жыл сайын облыс бюджетінен бөлінетін қаражат есебінен өңірге қажетті кадрларды даярлау мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысы жүзеге асырылып келеді. 2025–2026 оқу жылына арналған жаңа білім беру тапсырысы аясында 110 талапкер еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында ақысыз білім ала алады.

Бүгінгі таңда Ақмола облысы әкімінің гранты есебінен 786 студент білім алуда. Оның ішінде 358-і – педагогикалық, 423-і – медициналық, ал 5 студент басқа бағыттар бойынша оқып жатыр.

Алдағы оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы төмендегідей бөлінді:

  • Педагогикалық мамандықтар бойынша: бакалавриат – 40 орын, магистратура – 34 орын;
  • Техникалық және аграрлық мамандықтар бойынша: жылу энергетикасы – 10, агроинженерия – 10, сәулет және құрылыс – 6, ветеринария – 5, тау-кен ісі – 3, теология – 2 орын.

Мемлекеттік тапсырыс еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып жасалды. Осыған байланысты Ақмола облысының білім басқармасы мектеп және колледж түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырды.

«Аймақ түлектерін қолдау – жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. Біз жастарымызға қазіргі заман талаптарына сай сапалы білім беруге күш саламыз. Облыс әкімінің гранттары арқылы түлектер сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алып, өңір дамуына үлес қоса алады», – деп атап өтті Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы Асем Бикеева.

Грант бойынша білім беру келесі жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады:

  • Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті;
  • Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті;
  • А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті;
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  • С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.

Білім беру гранты бойынша конкурсқа қатысуға арналған құжаттарды қабылдауды жоғары оқу орындары 8 тамыздан 17 тамызға дейін жүргізеді. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жоғары оқу орындары талапкерлердің құжаттарын Ақмола облысының білім басқармасына жолдайды. Онда 20 тамыз бен 25 тамыз аралығында конкурс негізінде іріктеу өткізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін – ұлттық мұрамызды ұлықтайтын Домбыра күні

admin_altyalash

Өзбекстан президенттігіне сайлау науқаны басталды

admin_altyalash

Дарынды жастарды қолдауға көңіл бөлініп жатыр

admin_altyalash