Елдеріміз арасында парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Тамыз 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елдеріміз арасында парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор

18.08.2025
0
Елдеріміз арасында парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ПЕН ТАНЗИЛА НАРБАЕВА ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ СЕНАТЫ МЕН ӨЗБЕКСТАН ОЛИЙ МӘЖІЛІСІНІҢ СЕНАТЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізге ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Кездесудің нәтижесінде тараптар Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты арасындағы Ынтымақтастықты дамыту бойынша 2025-2026 жылдарға арналған Жол картасына қол қойды.

Мәулен Әшімбаев Танзила Нарбаеваға ілтипат білдіріп, делегация мүшелерін Өзбекстанның келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сондай-ақ ол екі елді тереңнен тамыр тартатын бауырластық, достық, тату көршілік дәстүр байланыстыратынын атап өтті. Палата Спикері мемлекет басшылары айқындап берген өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын әрі қарай жалғастыру, сонымен қатар орнықты болашаққа қол жеткізу және Орталық Азияның ортақ міндеттерін іске асыру жолында бірлескен іс-қимылдың маңызды екеніне назар аударды.

«Біздің елдеріміз арасында барлық деңгейде тығыз саяси қарым-қатынас жолға қойылған. Экономикалық өзара іс-қимыл белсенді дамып, мәдени-гуманитарлық байланыстар да нығайып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттеріміздің басшылары – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Шавкат Мирамонович Мирзиеевтің берік достығының, құрмет пен сенімге негізделген қарым-қатынасының және олардың ерік-жігері мен бірлескен жұмысының нәтижесі. Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер мен Мемлекет басшыларының өзара сапарлары барысында маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Осы ретте Өзбекстан Президенті былтыр тамыз айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарын ерекше атап өткен жөн. Соның аясында алдағы 10 жылға арналған стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды. Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген барлық келісімді тиімді іске асыруға өз үлесімізді қосу – біздің басты міндетіміз», – деп, Сенат Төрағасы келесі жылы Алматыда өтетін Өңірлік климаттық саммиттің негізгі тақырыптарына тоқталды.

Сонымен қатар кездесуде Қазақстан мен Өзбекстан Парламенттерінің Палаталары арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері талқыланды. Одан бөлек, Орталық Азия мемлекеттерінің Парламентаралық форумы аясында Орталық Азияның саяси, экономикалық және мәдени әлеуетін іске асыру жөніндегі міндеттер белгіленді.

«Елдеріміз арасында парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор. Бүгін осы бағыттағы алдағы міндеттерді айқындайтын Палаталар арасындағы өзара іс-қимылдардың Жол картасына қол қоямыз. Бұл құжатты қабылдау заң шығару қызметінде тәжірибе алмасуды жандандыруға, бірлескен іс-шаралар мен консультациялар өткізуге, сондай-ақ, тиісті комитеттер мен Палаталар Аппараттары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға мүмкіндік береді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сұхбат кезінде тараптар су‑энергетика, көлік‑логистика және экология саласындағы жобаларды, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, машина жасау, білім беру, коммуникация мен цифрландыру бағыттарын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін және басқа да маңызды секторларды қамтамасыз етуге арналған бастамаларды да Парламенттер арқылы қолдауға ерекше назар аударды.

Кездесуде парламентаралық байланысты одан әрі нығайтумен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алдағы Съезі шеңберінде рухани дипломатияны дамыту мәселесі де сөз болды. Мәулен Әшімбаев аталған Форумды Өзбекстан тарапы жан-жақты қолдап, Өзбекстан мұсылмандары басқармасы Съезге белсенді қатысып келе жатқанын айтты және бауырлас елдің өкілдері дінаралық диалогты ілгерілетуге, әлемді алаңдатып отырған бүгінгі өзекті мәселелерді шешу жолында рухани лидерлерді жұмылдыруға атсалысқаны үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде Танзила Нарбаева Қазақстанның Орталық Азия өңірін дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ, көптеген сын-қатерді еңсеру және негізгі бағыттар бойынша қазақ-өзбек байланыстарын нығайту жолындағы ерік-жігері үшін ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар Олий Мәжіліс Сенатының Төрағасы қазіргі таңда діндер мен мәдениеттер арасындағы бейбітшілік, келісім және толеранттылық идеяларын ілгерілетудің маңызды екенін айтып, ынтымақтастықтың аясын одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.

Айта кетейік, сапар аясында Олий Мәжіліс Сенатының Төрағасы Қазақстан-Өзбекстан ғылыми-шығармашыл зиялыларының форумына қатысады. Сондай-ақ Танзила Нарбаева ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерімен кездесіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығының және «Astana Hub» IT-стартаптар технопаркінің қызметімен танысады деп күтілуде.

 

 

Суретті түсірген: Н.Байбулин

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Байсерке аспаны – 2025»: Авишоу мерекесіне 10 мыңнан астам көрермен жиналды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматы – біздің ортақ үйіміз, түркі жастарының шамшырағы, болашақтың орталығы!

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.