Алматы – біздің ортақ үйіміз, түркі жастарының шамшырағы, болашақтың орталығы! – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Тамыз 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Алматы – біздің ортақ үйіміз, түркі жастарының шамшырағы, болашақтың орталығы!

19.08.2025
0
Алматы – біздің ортақ үйіміз, түркі жастарының шамшырағы, болашақтың орталығы!

18 тамызда Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) IV Халықаралық жастар фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында қалаға «2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі берілді.

Фестивальдің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау хатын оқып берді.

«Алматы – азаттығымыздың алтын бесігі, жасампаз жастардың құтты мекені. Өркениетіміздің өрісін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосқан көптеген ұлы тұлғаларымыз осы қалада өсіп-өнген. Шын мәнінде, төл мәдениетіміздің темірқазығына айналған шежірелі шаһар қазақ елінің ғана емес, түркі мемлекеттерінің де рухани ордасы саналады.
Бүгін асқаралы Алатаудың баурайында түбі бір түркі жұртының білімпаз, дарынды әрі белсенді жастары бас қосып отыр. Іргелі іс-шара аясында жаңа достар тауып, тың идеялар мен жобаларды жүзеге асырасыздар деп сенемін. Өрендеріміздің бірлігі бекем болса, түркі әлемінің тұғыры мығым, болашағы жарқын болары сөзсіз.
Қазақстан бауырлас халықтардың игі бастамаларына үнемі қолдау көрсетіп келеді. Біз елдеріміздің арасындағы жан-жақты ықпалдастықты нығайтуға айрықша мән береміз. Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өтуі, Ақтаудың Түркі әлемінің мәдени астанасы және Алматының Түркі жастарының астанасы атануы – соның айқын дәлелі», – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Өз сөзінде министр Аида Балаева Алматының мәдениет пен ғылымның, білім мен инновацияның тоғысқан орталығы екенін атап өтті. Оның айтуынша, қала бүгінде түркі әлемінің жас көшбасшылары мен шығармашыл өкілдері үшін жаңа идеялар мен серіктестіктің ордасына айналуда.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан ТМҰ бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев: “Бүгін біз Түркі әлемінің жастар астанасы атағын Ленкорань қаласынан қарқынды дамып келе жатқан Алматы қаласына табыстау сәтінің куәсі болып отырмыз. Бұл қадам – ортақ құндылықтарымыздың сабақтастығын, сондай-ақ болашақ Түркі әлемін қалыптастырудағы жастардың өсіп келе жатқан рөлін айқын көрсетеді.
Өздеріңіз білетіндей, Алматы қаласына бұл мәртебе Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жастар және спорт министрлерінің 8-ші отырысының шешімі негізінде берілген болатын. Қаланың заманауи мәдени өмірі, белсенді білім беру мекемелері және ынталы жастары – Түркі әлемінің жаңа буынының рухы мен әлеуетінің айқын көрінісі” – деп атап өтті.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қала жастарының лебізімен бөлісіп: “Алматы – түркі елдерінің жастары бас қосатын, ортақ мұраттар тоғысатын, мәдениетіміз бен дәстүріміз жаңғыратын үлкен ортаға айналуда.
Бұл мәртебе – тек атақ емес, болашаққа деген уәде. Түркі жастарының дауысы осы Алматыдан естіліп, идеялары бастау алып, достығы осы шаһарда бекісін!
Алматы – біздің ортақ үйіміз, түркі жастарының шамшырағы, болашақтың орталығы!” – деді.

Салтанатты іс-шара аясында бауырластықтың, сенім мен жаңа мүмкіндіктердің нышанына айналған жастар астанасы кілтін 2024 жылғы жастар астанасы – Ленкорань қаласы, Әзербайжан елінің өкілдері Алматы жастарына табыстап, бауырластық эстафетасын жалғады.

Айта кетейік, халықаралық фестиваль ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр.

Абай алаңында ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада Алматы тұрғындары мен қонақтарына эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен кең көлемді концерт ұсынылды.

Фестиваль 19 тамызда да жалғасады. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстаннан келген делегаттар жастар саясаты, кәсіпкерлік, азаматтық белсенділік және әлеуметтік бастамаларды дамыту тәжірибелерімен бөліседі. Сондай-ақ жас көшбасшылар мен кәсіпкерлердің кездесуі өтеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елдеріміз арасында парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жас географтар үшін жаңа мүмкіндіктер

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.