Үкімет отырысында теміржол саласын цифрландыру мәселелері қаралды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Тамыз 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкімет отырысында теміржол саласын цифрландыру мәселелері қаралды

19.08.2025
0
Үкімет отырысында теміржол саласын цифрландыру мәселелері қаралды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын цифрландыру мәселелері қаралды. Онда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады.

Министрдің айтуынша, цифрлық трансформацияның негізгі бағыттарына электронды форматқа көшіру, бизнес-процестерді реинжинирингтеу, инновациялық экожүйе құру, пойыздарды OneWeb және Starlink спутниктік интернетімен қамтамасыз ету, сондай-ақ транзиттік тасымалдауды онлайн қадағалау жүйесін енгізу кіреді.

2024 жылы салада төрт мемлекеттік қызметэлектронды түрде қолжетімді болды. Биыл жаңа қызмет – «Қауіпсіздік сертификатын беру» қосылды. Бір жыл ішінде 28 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 99%-ы онлайн режимінде жүзеге асырылды.

Премьер-министр автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу, цифрлық диспетчерлеу, ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен саланы цифрландыруға да баса назар аударды.

«Мемлекет басшысының қатысуымен жуырда Астанада сапалы талдау жасап, ауқымды деректерді генерациялай алатын суперкомпьютер кластері іске қосылды. Осы тұрғыда жасанды интеллект технологиялары мен перспективалы стартаптарды экономиканың барлық саласына, соның ішінде теміржолға да енгізу керек. Мысалы, жасанды интеллект апаттық жағдайлардың ықтимал қауіптерін және жолдар мен жылжымалы құрамның тозуын алдын ала есептеп, осындай мәселелерді шешудің түрлі нұсқаларын пысықтай алады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр теміржол саласын цифрландыру кезінде IT-инфрақұрылымды басқарудың және ақпараттық жүйелердің интеграциясын жүргізудің тұтас тәсілін жүзеге асыру қажет екенін атап өтті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент Астана қаласы бойынша ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Таразда екі жылу магистралі қайта жаңғыртылуда

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.