Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Астанада классикалық музыка концерті өтті

Елордада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы және Корея Республикасының Елшілігінің Корей мәдени орталығының ұйымдастыруымен классикалық музыка концерті өтті.

Кеште көрерменге әлем және корей классикалық музыкасының үздік туындылары ұсынылды. Барлық музыкалық шығармаларды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Бақытжан Мұсаходжаеваның жетекшілігімен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі орындады.

Кеш бағдарламасына А. Моцарттың «Сиқырлы флейта» операсы увертюрасы,
Тен Чудың «Кәріс биі», «Қара пернелердегі сазды әуен», «Екі құрбы» Бетховеннің фортепиано мен оркестрге арналған до мажор концерті енді.

Сонымен қатар, сахнада Германияның Бремен қаласында өткен XIV Еуропалық пианистер байқауының жеңімпазы, Брюссельдегі Елизавета патшайым, Цюрихтегі Геза Анда және Мәскеудегі А.Н. Скрябин атындағы халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал пианист Станислав Хегай өнер көрсетті.

Бұл кеш Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы мәдени байланыстың, берік достықтың символына айналып, екі халықтың рухани мұрасын ұлы өнер арқылы тоғыстырды.

Ұқсас жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

admin_altyalash

Камала Харрис — АҚШ президенттігіне ресми үміткер

admin_altyalash

Расталмаған ақпараттың таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контентті жоюға шақырамын

admin_altyalash