Біздің мақсатымыз – Әділетті Қазақстанның адал азаматы болу – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Тамыз 26, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Біздің мақсатымыз – Әділетті Қазақстанның адал азаматы болу

25.08.2025
0
Біздің мақсатымыз – Әділетті Қазақстанның адал азаматы болу

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Тағзым» алаңында күрделі вегетациялық кезеңде өңірлерден көмекке келген төтенше жағдайлар саласының қызметкерлерімен кездесті. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Руслан Рүстемов, Наурызбай Байқадамов, Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, ел ағасы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Нұрлыбай Ұлықбанұлы арнайы қатысты.
Кездесуде аймақ басшысы өңірлерден арнайы келіп, егіс алқаптарын сумен қамтамасыз етуге қолдау көрсеткен төтеншеліктерге алғысын білдірді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана халқымыз. Егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету жұмыстарына барлық өңірден арнайы келіп, көмек қолын созғандарыңыз Сыр елі диқандарын қуантты.
«Диқандар үшін ең маңыздысы – судың толық және мерзімінде жеткізілуі. Сол қажеттілікті дер кезінде қамтамасыз етіп, елдің ырысы мен берекесіне үлес қосқандарыңыз – үлкен еңбектің, елге деген адалдық пен шынайы жанашырлықтың айқын көрінісі деп білеміз.
Мемлекет басшысымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бәріміз – бір елдің азаматымыз. Тарих тоғыстырған тағдырымыз бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қарашаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз» деген болатын.
Біздің мақсатымыз – Әділетті Қазақстанның адал азаматы болу. Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағын бірге жасау.
Еліміздің айбынын асырар ер-азаматтарымыз, сарбаздарымыз аман болсын!Елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Басқосуда Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Сейтқалиұлы сөз сөйледі. Ауыл шаруашылығы саласының ардагері Нұрлыбай Ұлықбанұлы батасын берді.
Өңірлерден келген төтенше жағдайлар қызметкерлері ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, төтенше жағдайлар қызметінің арнайы техникасы мен құрал-жабдықтары таныстырылды. Мамандар олардың мүмкіндіктерін, төтенше жағдай кезінде қолдану тәсілдерін көрсетті. Құтқару жұмыстарында пайдаланылатын заманауи жабдықтардың артықшылықтары мен тиімділігі түсіндірілді.
Айта кетейік, Қызылорда – еліміздің күрішке сұранысының 90%-ын қамтамасыз ететін бірден-бір өңір.
Биыл 189 600 гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, оның 80 900 гектарына күріш себілді.
Сырдария өзенінің суын тиімді пайдалануда кешенді шаралар атқарылуда.
Күріш мелиоративтік дақыл болғандықтан, су шығынын азайтудың тиімді жолы – лазерлік тегістеу. Биыл лазерлік тегістелген егіс көлемі 60 мың гектарға жетті. Бұл суармалы суды 20% үнемдеуге мүмкіндік береді.
Магистральді және шаруашылық аралық каналдар арқылы егіс алқаптары бекітілген кестеге сәйкес кезекпен суарылуда.
Су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы егілетін егіс көлемі былтырғыдан 3700 гектарға артып, 8100 гектарға жеткізілді.
Бұл жұмыстарға шаруашылық құрылымдарының, «Қазсушар» облыстық филиалының, елді мекендердің меншігіндегі 299 су насосы жұмылдырылды.
Президент тапсырмасына сәйкес су тапшылығы жағдайында Үкімет резервінен 53 жылжымалы дизельді насос алуға 1 млрд теңге бөлініп, алғашқы легі облысқа жеткізіліп, шаруалар игілігіне пайдалануда.
Қосымша насостарға қажеттілік туындағанда, Төтенше жағдайлар, Су ресурстары және ирригация министрліктерінің үйлестіруімен еліміздің барлық өңірінен 139 қызметкер, 25 насос қондырғысымен көмекке келді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елімізде 3,1 млн тонна астық бастырылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.