Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЭкономика

Облыс әкімі Шиелідегі теміржол вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев және жауапты сала басшыларымен бірге Шиелідегі теміржол вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Шиелі теміржол вокзалы да – 1904 жылы салынған тарихи нысан, күрделі жөндеу жұмыстары 2012 жылы жасалған. Бүгінде 13 жұп пойызына, тәулігіне 163 жолаушыға қызмет көрсетеді.
Өткен жылы Шиелі ауданы әкімдігі жолаушылар платформасының кіреберісіне қақпа салып, бұрынғы су мұнарасын жөндеді, 8 жарықшам, 10 орындық, 10 қоқыс жәшігі қойылды. Жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Мердігер мекеме «Дәнекер» ЖШС ғимараттың ішкі және қасбетін қаптау жұмыстарын қолға алған.

Ұқсас жаңалықтар

«Қомақты қаржы берген»: Бельгиялықтар асырап алған Жәнібекке қатысты тың дерек шықты

admin_altyalash

Кореяда 2 күнде енгізген жобамызға Қазақстанда үш ай уақыт кетті – Жанәділ Талдыбаев

admin_altyalash

Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

admin_altyalash