Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыҒылым-БілімЖаңалықтар

Заманауи мектептердің ашылуы – сапалы, қауіпсіз және қолжетімді білім беру саясатының нақты нәтижесі

Бүгін Петропавл қаласының Береке шағын ауданында 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Білім ордасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған.

Ашылу рәсіміне облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру үшін қолайлы инфрақұрылым қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Жаңа мектеп заманауи талаптарға толық сай: STEM-зертханалар, робототехника, хореография кабинеттері, коворкинг аймақтары және спорт залдарымен жабдықталған. Оқу үдерісінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтері қолданылады.

«Заманауи мектептердің ашылуы – сапалы, қауіпсіз және қолжетімді білім беру саясатының нақты нәтижесі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді» – деді өңір басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

30 шілдеде қазақстандық жеті спортшы сайысқа түседі

admin_altyalash

Экономикалық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз

admin_altyalash

Алматы базарларында 100-ден астам стихиялық сауда нүктелері жойылды

admin_altyalash