Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Элеваторлық қуаттарды босату бойынша шаралар кешенін іске асырылуда

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің тапсырмасын орындау мақсатында, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жаңа егіннің астығын қабылдау үшін элеваторлық қуаттарды босату бойынша шаралар кешенін іске асыруда.

2 қыркүйекте Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагулов Ақмола облысындағы «Астық қоймалары» ЖШС-нің №1 нан базасының жұмысын тексерді. Қазіргі уақытта кәсіпорын бұрын жасалған келісімшарттар бойынша күн сайын астық жөнелтуді жүзеге асыруда. Алдағы күндері астық қабылдау пунктінен 15 мың тоннаға жуық өнімді шығару жоспарлануда.

«Қуаттарды уақтылы босату астық айналымын жеделдетуге және 2025 жылғы астықты қабылдау кезінде кәсіпорын инфрақұрылымын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қазір кәсіпорын басшылығы үшін өңірдің фермерлері мен тасымалдаушыларымен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету маңызды. Бұл астықты біркелкі және кедергісіз жеткізуге септігін тигізеді», – деді Ильдар Исмагулов.

Өңірде егін жинау науқаны басталғалы бері №1 нан базасына 8,5 мың тоннаға жуық астық келіп түсті. Кәсіпорынның сақтау сыйымдылығы жалпы 192,8 мың тоннаны құрайды.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Ақмола облысы бойынша жалпы көлемі 2,4 млн тонна астықты қабылдау және сақтау үшін лицензияланған элеваторлармен шарттар жасасты.

Ұқсас жаңалықтар

Әкім қонған ақбоз үй енді балаларды оңалту орталығына айналады

admin_altyalash

Қарағанды облысының ЖРО мамандары оқушыларға экодәріс өткізді

admin_altyalash

Абай атындағы театр классика әлемінің 126 ардагерін марапаттады  

admin_altyalash