Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Қыркүйек 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

05.09.2025
0
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

фото:Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жайында есеп берілді .

Президентке барлық басты экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика сақталып отырғаны баяндалды. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7 айда 1,2 триллион теңгені құрады. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42,1 пайызға жоғары. Биыл жалпы құны 300 миллиард теңге болатын 55 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл бастамалар 3,6 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді .

Астана әкімі әлеуметтік нысандардың құрылысы, апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары туралы айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында елордада 1 қыркүйекте 28 мың оқушыға арналған 7 жаңа мектеп ашылды. Осы оқу жылында қалада 15 жаңа мектеп пайдалануға берілмек. Былтырғы кезеңде 66 мың оқушыға арналған 24 мектеп, соның ішінде 16 «Келешек мектебі» ашылды. Жыл соңына дейін 4716 студентке арналған 8 жатақхана  бой көтереді. Биыл Астанада 170 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырып, 1 миллионнан аса жасыл желек егу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымына дайындық жайында мәлімет берілді. Үшінші жылу электр орталығының бірінші кезегін, сондай-ақ «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ стансаларын пайдалануға беру арқылы шаһардың жылыту қуаты 30 пайызға ұлғайған. Яғни қосымша 1100Гкал/сағат қуат өндіре бастады. Биыл «Тұран» стансасының екінші кезегін аяқтау жоспарланған. «Тельман» стансасының құрылысы жүріп жатыр. Екінші жылу электр орталығын кеңейту және «Оңтүстік-Батыс» газ жылу стансасын жобалау көзделіп отыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік сала нысандарын алдағы жылыту маусымына дайындау, жаңбыр суына арналған кәріз жүйесін реттеу, жол-көлік инфрақұрылымы мен абаттандыру мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Отандық Олимпиада чемпионы халықаралық аренада тәжірибесімен бөлісуде

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елордамызда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні аталып өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.