Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Ақтөбеде «Белсенді қоғам – берік болашақ» атты XII Өңірлік Азаматтық форум өтті

2025 жылдың 10 қыркүйегінде Ақтөбе қаласында «Белсенді қоғам – берік болашақ» ұранымен Ақтөбе облысының XII Өңірлік Азаматтық форумы өтті.

Форумға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстанның Азаматтық альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы, бизнес өкілдері және көршілес өңірлерден келген делегаттар қатысты. Онда азаматтық қоғамды дамытудағы өзекті мәселелер талқыланып, іс-шара тұрақты әріптестік орнатуға және өзара тәжірибе алмасуға бағытталды.

Форум аясында екі панельдік сессия өткізілді. Онда Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жүзеге асуы, ҮЕҰ туралы заңнаманы жетілдіру, жергілікті бастамаларды қолдау, креативті экономиканы дамыту және грант арқылы қаржыландырудың жаңа формалары сияқты тақырыптар қарастырылды.

Бұл іс-шара мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы тиімді диалогты нығайтудың маңызды қадамы болды. Сонымен қатар, өңірдің дамуына бағытталған әлеуметтік жобалар мен бастамаларды ілгерілету үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат

admin_altyalash

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

admin_altyalash

Нариман Төреғалиев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

admin_altyalash