Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Цифрлық технологиялар Қостанайдағы шұғыл қызметтердің ашықтығын арттырады

Енді қостанайлықтар өз шақырған жедел жәрдемнің қозғалысын картадан нақты уақыт режимінде бақылай алады. Бұл шешім Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қостанай облысының әкімдігі және Yandex Qazaqstan компаниясының бірлескен жұмысы нәтижесінде іске асырылды. Бригаданың қозғалысын браузердегі картадан көруге болады. Жаңа мүмкіндік диспетчерлерге түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуы тиіс. Бұл туралы Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов және Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунмен өткен QostanAI Investment Forum барысында айтты. Шақырылған жедел жәрдемнің қозғалысын картадан көру мүмкіндігі әзірге браузерде қолжетімді болады, ал болашақта — Яндекс Go қосымшасына енгізіледі деп жоспарлануда. Бұл да диспетчерлердің жұмысын жеңілдетеді деп күтіледі. Жедел жәрдем шақырылғаннан кейін жүйе автоматты түрде картаға сілтемесі бар SMS жолдайды. Сол сілтеме арқылы бригаданың нақты уақыттағы қозғалысын көруге болады. Бұл шешім Яндекс Картаның JavaScript API технологиясы негізінде жүзеге асырылған. Жаңа жоба шұғыл қызметтердің жұмысын барынша ашық етуге, диспетчерлердің жүктемесін азайтуға және халықпен өзара әрекеттесуді жақсартуға бағытталған. Алғашқы кезеңде қызмет Қостанай аумағындағы кейбір шақыруларға қолжетімді болса, алдағы уақытта барлық шақыртуға енгізу жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатарынан үшінші ойында жеңіске жетті

admin_altyalash

Мұз үстінде 40 адам құтқарылды

admin_altyalash

ШЫҰ саммиті аяқталып, террористік қауіптің «сары» деңгейі алынды – жедел штаб

admin_altyalash