Мыңдаған Қазақстан отбасылары Отбасын қолдау орталықтарынан көмек пен қолдау тапты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қыркүйек 15, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Мыңдаған Қазақстан отбасылары Отбасын қолдау орталықтарынан көмек пен қолдау тапты

12.09.2025
0
Мыңдаған Қазақстан отбасылары  Отбасын қолдау орталықтарынан көмек пен қолдау тапты

Отбасын қолдау орталықтары бүгінгі таңда халықтың ең күрделі өмірлік мәселелерін шешетін маңызды мекенге айналды. Биыл наурыз айынан бастап барлық орталықтарда FSM social цифрлық жүйесі енгізілді. Бұл жүйе отбасының электронды профилін жүргізуге және әртүрлі қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, көмек бюрократиялық кедергілерсіз жылдам әрі нақты көрсетіледі.

Қазіргі таңда республика бойынша FSM жүйесі арқылы                                  44,5 мыңнан астам өтініш тіркелді. Көмек түрлі бағыттарда көрсетілді. Шамамен 20 мыңға жуық отбасы құқықтық, психологиялық және әлеуметтік кеңес алды. 15 мың отбасы тұрақты бақылауда тұр. Әр отбасыға жеке жоспар жасалып, оның орындалуын кейс-менеджерлер үнемі қадағалайды.

Кейде отбасы өзі көмекке жүгінбесе де, оларға арнайы көңіл бөлінеді. Мұндай сигналдар өңірлердегі мобильді топтар арқылы түседі. Жыл басынан бері мұндай хабарламалардың саны 5 мыңнан асты. Әсіресе полиция, медицина қызметкерлері және педагогтардан көп келеді. Бұл орталықтардың қиындық туындауын күтпей, уақытында көмек көрсетуге ұмтылатынын білдіреді.

Орталық қызметкерлері, оның ішінде мобильді топ мүшелері де үнемі оқудан өтеді. Биылғы жылы 17 мыңнан астам маман кәсіби білімін жетілдірді.

Құрғақ сандардың артында нақты оқиғалар тұр. Мысалы, Астана қаласындағы орталық құжаттары жоқ үш баласы бар жас анаға көмек көрсетіп, туу туралы куәліктерін қалпына келтіріп, жәрдемақыларды рәсімдеп, отбасын емханаға тіркеді. Қазір балалар балабақша мен мектепке барады, ал ана өзін сенімді әрі жайлы сезінеді.

Түркістан облысында орталық қызметкерлері полиция мен дәрігерлермен бірлесе отырып, анасы төрт баласын жиі жалғыз қалдырып кететін отбасын қорғады. Психолог пен әлеуметтік қызметтерді тартып, медициналық көмекті қамтамасыз етті. Қазір балалар қауіпсіз, анасы мамандар бақылауында реабилитациядан өтуде.

Орталықтар отбасылық саясат саласында профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізіп келеді. Әр өңірде Отбасы күніне арналған іс-шаралар, балаларды тәрбиелеу бойынша тренингтер, спорттық және мәдени акциялар ұйымдастырылады. Бұл шаралар отбасылық құндылықтарды нығайтып, ата-аналар мен балаларды бірлескен іс-шараларға тартады.

Сонымен қатар орталықтарда жас жұбайларға арналған тренингтер мен консультациялар өтеді. Мамандар құқықтық мәселелерді түсіндіреді, қарым-қатынас дағдыларын дамытады және конфликттерді шешуді үйретеді. Бұл отбасылық тұрақтылықты сақтауға және ажырасулар санын азайтуға септігін тигізеді.

Отбасын қолдау орталықтарының желісі жылдам дамуда. Қазір олардың саны 131-ге жетті. Бұл Қазақстанның әр өңірінде қолдау көрсететін мекеме бар екенін дәлелдейді.

Отбасын қолдау орталықтары – әртүрлі қиындықтағы отбасыларға түсіністік, кеңес және көмек көрсететін сенім мен қамқорлық мекені.

 

*ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметі бойынша

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ЖИ интеграциясы – ғылыми қажеттілік қана емес, сонымен қатар еліміздің ұзақ мерзімді дамуындағы мемлекеттік басымдық

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қызылордадағы облыстық жиында Жолдауды жүзеге асыру жолдары нақтыланды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.