Ағымдағы жылы облыс бойынша егіс алқабы 5 млн 112 мың гектарды құрайды.
Ең үлкен үлесті дәнді дақылдар алып отыр – 4,1 млн гектар жерден өнім жиналуға тиіс, оның ішінде бидай – 3,4 млн гектар. Биыл майлы дақылдардың көлемі 873,5 мың гектарға жетті,-деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезеңде дәнді дақылдар 1 млн 698,3 мың гектардан жиналды, бұл егіс көлемінің 41,6%-ын құрайды. 2 млн 462,5 мың тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 14,5 центнер болды.
Майлы дақылдар 49,9 мың гектардан (5,7%) жиналып, 44 мың тонна тұқым алынды, орташа өнімділік гектарына 8,8 центнерді құрады.
Тұқым қоры да дайындалуда – 179,9 мың тоннасы, яғни қажетті көлемнің (514,2 мың тонна) 35%-ы салынды.
Жинау жұмыстарына 7,9 мың астық жинайтын комбайн және 8,2 мың жүк көлігі жұмылдырылған.
Диқандар дизель отынымен толық қамтамасыз етілген, егін жинау науқанына 85,5 мың тонна жанар-жағармай бөлінді.
Қосымша астық пен майлы дақылдарды кептіруге 7,5 мың тонна дизель отыны қарастырылған.
Облыстағы өнімді сақтау қуаттылығы жеткілікті – жалпы көлемі 8,3 млн тонна (34 астық қабылдау кәсіпорны – 3 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде – 5,3 млн тонна).
Кептіру жабдықтарымен де толық қамтылған – барлығы 415 астық кептіргіш агрегат бар, оның ішінде 96-сы элеваторларда, 319-ы ауыл шаруашылығы құрылымдарында.
Қолда бар қойма орындары мен кептіру қуаттылықтары өсірілген өнімді уақытылы өңдеп, сапалы сақтауға толық мүмкіндік береді.
	    	
		    
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.