Білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу – Қазақстанның ауқымды цифрлық жаңғыру стратегиясының құрамдас бөлігі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қыркүйек 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу – Қазақстанның ауқымды цифрлық жаңғыру стратегиясының құрамдас бөлігі

18.09.2025
0
Білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу – Қазақстанның ауқымды цифрлық жаңғыру стратегиясының құрамдас бөлігі

Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2025–2029 жылдарға арналған орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Құжат Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасы аясында әзірленіп, білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңіне айналды. Алғаш рет білім беру саласында жасанды интеллектіні қолданудың бірыңғай ұлттық стандарттары бекітіліп, оған этика, құқықтық реттеу, дербес деректерді қорғау және академиялық адалдық мәселелері енгізілді.

Бұл тұжырымдама мектептерді ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын да қамтиды. Ол жасанды интеллектке арналған арнайы тақырыптарды оқу процесіне енгізуді, заманауи цифрлық оқулықтар шығаруды, оқушылардың ЖИ бойынша сауаттылығын қалыптастыруды және олардың жобалық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауды көздейді. Сонымен қатар, педагогтердің кәсіби деңгейін Acquire → Deepen → Create үшсатылы үлгісі бойынша жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Құжатта баланың құқықтарын қорғау мен педагогтің кәсіби беделін сақтау мәселесіне айрықша мән берілген. Мектептер мен колледждерде жасанды интеллектіні пайдаланудағы этика мен академиялық адалдықтың ортақ қағидалары бекітіледі.

«Бірлескен бұйрыққа қол қою – еліміздің білім беру жүйесін дамытудың жаңа белесі. Тұжырымдама стратегиялық басымдықтарды нақтылап қана қоймай, оны іске асырудың айқын механизмін, мониторинг жүйесін және жол картасын бекітеді. Бұл жасанды интеллектіні мектептер мен колледждерде жүйелі әрі қауіпсіз енгізуге жағдай жасайды. Жасанды интеллект педагогтің орнын баспайды, қайта оның рөлін арттырады. Себебі, білім беру процесіндегі түпкілікті шешімдерді адам қабылдайды», – деді министр Ғани Бейсембаев.

Қазақстан ЮНЕСКО, ЭЫДҰ және Еуропалық одақтың ұсынымдарын негізге ала отырып, бұл бағытта өзіндік ұлттық жолын айқындаған алғашқы елдердің бірі болды.

«Білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу – Қазақстанның ауқымды цифрлық жаңғыру стратегиясының құрамдас бөлігі. Біз балалар мен жастардың тек заманауи құралдардың қолданушысы емес, солардың құрастырушысы болуына мүмкіндік ашып отырмыз. Ұсынылып отырған тұжырымдама – болашақ технологияларын еркін меңгерген, сонымен қатар ұлттық құндылықтар мен академиялық адалдықты сақтаған жаңа буынды қалыптастыруға жол ашады», – деп атап өтті Жаслан Мадиев.

📌 Айта кетейік, 2025–2026 оқу жылынан бастап «Цифрлық сауаттылық» пен «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект элементтері енгізілді. Оқушылар үшін Day of AI әдістемелік кешені әзірленіп, педагогтер үшін арнайы біліктілікті арттыру бағдарламалары іске қосылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Өңірімізде де заманауи талаптарға сай сервистік кешендердің саны артып келеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Аталған жобаның басты артықшылығы – жылдамдығында

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.