Алматыда қала күні қарсаңында BACKSTREET BOYS концертіне дайындық: қауіпсіздік күшейтіліп, жаңа станданттар енгізіледі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қазан 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда қала күні қарсаңында BACKSTREET BOYS концертіне дайындық: қауіпсіздік күшейтіліп, жаңа станданттар енгізіледі

19.09.2025
0
Алматыда қала күні қарсаңында BACKSTREET BOYS концертіне дайындық: қауіпсіздік күшейтіліп, жаңа станданттар енгізіледі

Алматыда 19 қыркүйекте өтетін Backstreet Boys концертіне дайындық қызу жүріп жатыр. Күздің ең ірі мәдени оқиғаларының бірі болатын бұл шараға шамамен 27 мың көрермен жиналады деп күтілуде. Осыған орай қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбековтің төрағалығымен Орталық стадионда арнайы жиын өтті.

Жиынға полиция, ТЖД, жедел жәрдем, коммуналдық қызмет өкілдері, сондай-ақ қала басқармалары мен құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде қауіпсіздік, санитария, логистика және техникалық жабдықтау мәселелері қаралды.

Концерт кезінде тәртіпті қадағалау үшін 2100-ден астам полиция қызметкері, 500 ұлттық гвардия әскері және 200 күзетші жұмылдырылады. Іс-шара алдында кинологтар аумақты тексеріп, инженерлік желілерді бақылаудан өткізеді. Көрермендер металл іздегіш рамалар мен сканерлер арқылы кіргізіледі.

– Абай даңғылы уақытша жабылады, көлік кептелісінің алдын алу үшін арнайы «змейка» түріндегі турникеттер қойылады. Сонымен қатар алыпсатарлық пен заңсыз акцияларға қарсы күрес шаралары күшейтіледі, нақты алгоритм дайын, – деді әкімнің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

Ол сонымен қатар медициналық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды: стадионда жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндіру бригадалары кезекшілік етеді, эвакуациялық жоспар әзірленген. Санитарлық талаптарға да баса мән беріліп, аумақты күн сайын тазалау, биоөңдеу жүргізу және санитайзерлер орнату міндеттелді.

Жиында еріктілердің жұмысына да арнайы тоқталды. Қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбектің айтуынша, концертке 150 ерікті тартылады. Олар тек 18 жастан асқан жастардан іріктеледі, әрқайсысына тегін тамақтану талондары беріледі.

Концертті ұйымдастырушы First Media Group компаниясының басқарушы серіктесі Альфия Нұрғұмарова алдыңғы тәжірибеге сүйене отырып, жаңа шаралар қабылданғанын атап өтті:

– Дженнифер Лопестің концерті бізге үлкен сабақ болды. Осы жолы қауіпсіздік күшейтіліп, жаңашылдықтар енгізіледі. Билеттерді тексеретін қызметкерлер саны 100-ден 150-ге артты. Стадион аумағына қосымша бейнекамералар орнатылып, алаяқтық әрекеттерді хабарлау үшін сенім телефоны іске қосылады, нөмірі LED-экрандарда көрсетіледі. Волонтерлер саны да көбейтілді. Бұдан бөлек, фуд-корт аймақтары кеңейіп, көрермендерге тегін су таратылады, – деді ол.

Сондай-ақ, әртістерге барлық жағдай жасалады: арнайы грим бөлмелері бар шатырлы қалашық орнатылады. Meet & Greet жанкүйерлермен кездесу қарастырылмағанымен, стадион маңында топтың ресми мерч өнімдері сатылатын үш дүңгіршек жұмыс істейді.

Алматы мәдени іс-шараларды ұйымдастыруда жаңа деңгейге көтерілуде: қала «А» санатындағы концерттер өтетін алаңға айналып, оларды өткізудің жаңа стандарттарын қалыптастыруда — басты назар қауіпсіздікке, көрермендердің жайлылығына және ұйымдастыру сапасына аударылуда.

Айта кетейік, Backstreet Boys концерті Алматы күніне орай ұйымдастырылып отыр. Бұл мереке жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді, биыл ол 21 қыркүйекке сәйкес келеді.

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

912 медаль – 8 айдағы рекорд: отандық спортшылар тарихи нәтижелерге қол жеткізді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағының Пошталық операциялар кеңесіне мүше болды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.