Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Ұшқышсыз ұшу авиациясын қолдану бойынша халықаралық мастер-тренинг өтті.

2025 жылғы 15–19 қыркүйек аралығында Алматы қаласы мен Алматы облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында ұшқышсыз ұшу авиациясын қолдану бойынша халықаралық мастер-тренинг өтті.

Осы шараны Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ICDO) және Қазақстан ТЖМ қолдауымен ұйымдастырды.

Мастер-тренингке Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппараттарының 16 операторы қатысты.

Тренинг бағдарламасына теориялық сабақтар мен практикалық жарыстар кірді, олар бес негізгі бағыт бойынша өтті: табиғи және техногендік ортада зардап шеккендерді іздеу, тестілеу, дронды жинау және суда іздеу.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталды: Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен Алдияр Ахмади мен Республикалық жедел-құтқару жасағынан Серғазы Әбдіқадырдың командасы бірінші орынға ие болды. Әзербайжан ТЖМ Ильхам Гасимов пен Қырғызстан ТЖМ Жаныбек Норузбаев командасы екінші орынды иеленді. Алматы облысының ТЖД Мадияр Сейтнұров пен Республикалық жедел-құтқару жасағынан Дархан Үметбеков командасы үшінші орында.

Жеңімпаздар дипломдар мен кубоктармен марапатталды. Мастер-тренингке қатысқан барлық қатысушылар оқу курсын сәтті аяқтағанын растайтын халықаралық сертификаттар алды.

Тренинг тәжірибе алмасу, ведомстволар арасындағы және халықаралық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ мамандардың кәсіби дайындығын арттыру алаңына айналды. Арнайы назар ұшқышсыз ұшу аппаратарын табиғи апаттардың салдарын жоюда: зардап шеккендерді іздеуден бастап сел ағындарын, қар көшкіндерін, сырғымалар мен су тасқынына мониторинг жүргізуге дейін қолдануға аударылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркілердің өмірі мен қауіпсіздігінде құрылтай үлкен рөл атқарған – Нағашыбек Алдан

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сұхбатындағы түркі векторы

admin_altyalash

«БІРЛІГІ БЕКЕМ СЫР ЕЛІ»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

admin_altyalash