Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарМәдениетӨнерРуханият

Семей мен Сыр елі – қазақтың елдігі мен мемлекеттілігінің алтын бесігіне айналған қос шаңырақ

Абай облысына Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация келіп, Семейдегі мәдени нысандар мен өндіріс ошақтарын аралады.

Қонақтар алдымен «Абай ұлдарымен» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, «Жидебай–Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығын көрді. 1940 жылы ашылған бұл мәдени мекеменің өңір бойынша 9 филиалы бар, қорында 22 мыңға жуық жәдігер сақталған.

Семейде Сыр елі күндері: «Абайға құрмет» аясында жаңа нысандар ұсынылды

Сапар барысында аймақ басшысы Семейдің солтүстік бөлігінде салынатын «Semey Smart City» жаңа шағынауданының тұжырымдамасын таныстырды. Жоба 1100 гектар аумақты қамтып, 75 мың тұрғынға арналған көпқабатты баспаналармен қатар, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысанды, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді қамтиды. Берік Уәлидің айтуынша, жобаға байланысты қаланың бас жоспарына өзгерістер енгізілуде.

Семейде Сыр елі күндері: «Абайға құрмет» аясында жаңа нысандар ұсынылды

«Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында еліміздің 11 өңірі Семейде бір-бір нысан салуға ниет білдірді. Маңғыстау облысы Достық үйінің іргетасын қалап үлгерді. Шымкент қаласы шығармашылық орталығын, Түркістан облысы көрме орталығын, Астана қаласы «Келешек мектебін», Ақтөбе облысы жекпе-жек орталығын, Павлодар облысы үстел теннисі орталығын, Солтүстік Қазақстан облысы рәміздер алаңын, Батыс Қазақстан облысы желілік саябақты, Шығыс Қазақстан облысы Ертіс жағалауын абаттандыруды жоспарлап отыр. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаманы қолдайтынын айтып, Сыр өңірі Семейде «Анаға тағзым» орталығы секілді әлеуметтік-мағыналық жоба ұсынуға әзір екенін жеткізді.

Семейде Сыр елі күндері: «Абайға құрмет» аясында жаңа нысандар ұсынылды

Сыр елінің өкілдері қаланың өнеркәсіп әлеуетімен де танысты: автобус құрастыратын «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС, жүк және арнайы техника жинайтын «СемАЗ» ЖШС, сондай-ақ қаптама өнімдерін шығаратын «Казполиграф» ЖШС кәсіпорындарына барды. Тараптар алдағы уақытта өндірістік кооперация мен мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге уағдаласты.

Ұқсас жаңалықтар

“АЛТЫН КҮЗДІҢ” ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫ БӘЙГЕСІ ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

admin_altyalash

Қазақстандық боксшы WBO Global титулын жеңіп алды

admin_altyalash

Экологияны қадағалау, қоршаған ортаны қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау

admin_altyalash