Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды altyalash.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумның пленарлық отырысында cөз сөйлейді.
Жиынға Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок қатысып отыр.
– Біз алдымызға мақсат үлкен мақсат қойып отырмыз. Қазақстан цифрлы мемлекетке айналуы тиіс. Кеше Астанада жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті. Жиында сарапшылармен бірге адам капиталын дамыту мәселесі талқыланды.
Озық технология дәуірінде түбегейлі өзгеріске дайын болу маңызды. Жасанды интеллект пайдалы әрі тиімді болғанымен, сын-қатер де аз емес. ЖИ-ді тиімді пайдалану үшін тиісті заң жобасын қабылдау өзекті міндет. Цифрлық кодексті асығыс қабылдай салуға болмайды. Бұл күрделі әрі жауапты жұмыс, – деді Президент.
Спикерлердің қатарында Telegram негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Павел Дуров, Sinovation Ventures және 01ai бас директоры Ли Кай Фу, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим Әл Мансури, Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стербулаев және high-tech индустриясының басқа да өкілдері бар.