Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған

04.10.2025
0
Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Digital Bridge: Generative Nation халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, Digital Bridge Awards сыйлығының лауреаттарына марапаттар табыс етті және цифрлық шешімдер көрмесін аралады.

Олжас Бектенов цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу Қазақстан Президенті айқындап берген ел дамуының басым бағыты екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуға баса назар аударып, Қазақстанды алдағы үш жыл ішінде нағыз цифрлық елге айналдыру туралы міндет қойды. Біздің азаматтарымыздың әлеуеті шексіз және серпінді жобаларды жасап шығаруға мүмкіндіктері жеткілікті. Өз кезегінде біз оларға жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек. Көздеген мақсатқа жетуде бизнес, ғылыми орта және мемлекеттік құрылымдар болсын, әрбір тарап маңызды рөл атқарады», — деп атап өтті Премьер-министр.

Бүгінде Қазақстан «электрондық үкіметті» дамыту бойынша әлемде 24-ші, онлайн қызметтер бойынша 10-шы орында тұр.

Үкімет жасанды интеллект және IT-мамандарына барынша қолайлы жағдай жасау үшін қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда экожүйенің инфрақұрылымы үздіксіз кеңеюде. Білім беру ресурстары барлық азаматтарға қолжетімді. 20 жоғары оқу орнында жасанды интеллект бағдарламалары іске қосылған. Шамамен 500 мың адам жасанды интеллект негіздері, оның ішінде AI Qyzmet, AI Sana, Tomorrow school, QazCoders сияқты бағдарламалар бойынша білім алуда.

Соның ішінде Alem.ai-дың ашылуы инфрақұрылымды нығайтуда маңызды қадам болды. Ол – ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, озық шешімдерді енгізу және стартаптарды дамыту үшін құрылған бірыңғай цифрлық кластердің негізгі платформасы. Astana Hub та – креативті индустрияларды дамытудағы маңызды құралдардың бірі. Венчурлық инвестициялар қоры түріндегі акселератордың арқасында стартаптар ауқымды қаржыландыруға қол жеткізіп, жаһандық нарыққа шыға алады. Осы жылдың соңына дейін IT-қызметтер экспортының көлемін $1 миллиард долларға жеткізу мақсатында стратегиялық жоспар жүзеге асуда. Қазақстан нарығына қазірдің өзінде Playrix, Mytona, NetCracker сияқты әлемдік технологиялық алпауыт компаниялар кіріп отыр. Бұл бизнес пен инвесторлардың тарапынан тұрақты серікстес ретінде Қазақстанға деген сенімнің нығайып жатқанын көрсетеді.

«Жуырда құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің басты міндеті – келесі технологиялық серпіліске қол жеткізуді қамтамасыз ету. Осы мақсатта құқықтық базаны жетілдіріп, жасанды интеллект және IT-мамандарын қолдау шаралары кеңейтіледі. Ұлттық білім беру платформасын әзірлеу және жасанды интеллект саласындағы зерттеу университетін құру жөніндегі Президент бастамалары болашақ нарыққа білікті кадрларды даярлауға айтарлықтай серпін береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Қазақстан Үкіметі қуатты экономика құру мақсатында еліміз үшін маңызды жобаларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысқа толықтай ашық екенін атап өтті. Форумның нәтижесінде 30-дан астам маңызды меморандумға қол қойылып, өзара ықпалдастықтың жаңа бағыттарына қол жеткізілді. Үкімет жанынан құрылған Цифрлық штаб мемлекеттік органдардың толық цифрлық трансформациясын жүзеге асыру, бизнестегі туындайтын мәселелерді жедел шешу және нарықтың барлық қатысушылары үшін артық кедергілерді жою бағытында жұмыс істейді.

Одан бөлек Digital Bridge Awards байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Олжас Бектенов үздік отандық IT-жобалар мен цифрлық бастамаларға марапаттар табыс етті.

Digital Bridge Awards 2025 премиясының номинациялар бойынша лауреаттары болып келесі үміткерлер танылды:

  • Export Excellence – (Grand Mobile), GTA рухын мобильді құрылғыға көшірген, өзінің ашық әлемі бар, көп рет пайдалануға болатын рөлдік ойын жасап шығарды. Онда пайдаланушылар өзара әрекеттесіп, мансап қуып, өз экономикасын құра алады. Мобильді ойын әлем бойынша 60 млн реттен астам көшірілген.
  • AI Solution of the Year – (Higgsfield AI), мәтін түрінде сұрау салу бойынша бейне және анимация жасауға арналған жасанды интеллектіге негізделген платформаның негізін қалады. Google Next нұсқасы бойынша әлемнің үздік 25 стартапының қатарына енді.
  • EdTech of the Year – (CodiPlay), бағдарламалау және инженерлік ойлауға оқытатын мектептер үшін білім беру экожүйесін құрды. Стартап 13 елдегі миллионнан астам оқушыны қамтиды.
  • GovTech Innovation – (Documentolog Global Limited), мемлекеттік басқару процестерін автоматтандыру үшін цифрлық шешімдер әзірлеп шығарды, онда электронды түрдегі нормативтер шығару және интеллектуалды іздеу жүйелері бар.
  • Tech Media Excellence – (digitalbusiness.kz), технологиялар мен стартаптар туралы ірі қазақстандық медианың негізін қалады. Оны ай сайын 200 мыңнан астам бірегей пайдаланушы оқиды.
  • Social Impact Project – (7Generation / KazDream IT Holding), азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жедел әрекет ететін шұғыл қызметтерге қоңырау шалу кезінде абоненттердің орналасқан жерін анықтауға арналған LifeSignal сервисін құрды.

Премьер-министр, сонымен қатар, цифрлық шешімдер көрмесінің экспозициясымен танысты, онда отандық IT-компаниялар мен стартап иелері өз әзірлемелерін ұсынды.

Олар – IT-компаниялар: Shai PRO – интеллектуалды өнімдер мен ЖИ негізіндегі шешімдердің экожүйесі; Best Vision Technologies – өнеркәсіптік тәуекелдерді анықтауға және өндірістік процестерді қашықтан басқаруға арналған ЖИ платформасы; Axellero – күнделікті міндеттерді автоматтандыратын және бизнестің тиімділігін арттыратын ЖИ агенттерін құруға арналған платформа; Qalan – мектептер мен EdTech жобаларына арналған онлайн білім беру платформасы; Rеcado – мұнай-газ саласына арналған ЖИ негізіндегі шешімдер және Jet – көлік пен техниканы қысқа мерзімді жалға алуға арналған шеринг-суперапп.

Стартап-компаниялар: Paidax – бөлшек инвесторларға арналған инвестициялық платформа; PocketDot – көру қабілеті бұзылған адамдар үшін Брайльдің алғашқы магниттік интерфейсі; Defect AI – өндірістік ақауларды автоматты түрде анықтауға арналған ЖИ жүйесі; Protector AI – мектептерде, балабақшаларда және әлеуметтік мекемелерде зорлық-зомбылықты, қорқытуды және қақтығыстарды автоматты түрде анықтауға арналған бейне талдау жүйесі; Esep AI – энергия тұтынуды талдау жүйесі; Trust Exam – онлайн емтихандарды автоматтандыру және мониторинг жасау ЖИ-платформасы; Biometric Vision – биометриялық сәйкестендіру және KYC-сервис  (ағылшынша Know Your Customer – «Өз клиентіңді біл») технологиялары; Mirai Tech – сенсорлық технологияларға, биомеханикаға және деректерге негізделген интеллектуалды мониторинг және талдау жүйелері.

Іс-шара әлемнің 30-дан астам елінен келген инвесторлардың, сарапшылардың, стартаптар мен IT-компаниялардың өкілдерінен тұратын 30 мыңнан астам қатысушының басын біріктірді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Цифрлық болашақ: мүмкіндіктер мен тең қолжетімділік бәріне

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Қазақфильм» киностудиясы ресми мәлімдеме жасады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.