Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнер

Ұлттық музейде Ерболат Төлепбайдың көрмесі өтіп жатыр

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық музейде өтіп жатқан Ерболат Төлепбайдың мерейтойлық көрмесін тамашалады.

Көрме Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Ерболат Төлепбайдың 70 жылдық мерейтойы мен 50 жылдық шығармашылығына арналды.

«Өнерім – ізгілік мекені» атты көрмеде суретшінің шығармашылық жолы мен оның түрлі кезеңдерін қамтитын, рухани және мәдени ізденістерін бейнелейтін туындылар қойылған.

Ерболат Төлепбай әлемнің әр елінде 38 жеке көрме өткізіп, халықаралық мәдени ортада зор беделге ие. 2024 жылы оның еңбектері қазіргі заманғы ең ірі көрме – Венеция биенналесіндегі Қазақстан павильонында ұсынылды.

Суретшінің танымал туындыларының қатарында «Мәңгілік ел» триптихы («Тандыр», «Анархай», «Жас дала»), сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи триптих бар.

Ұқсас жаңалықтар

Білім беру нысанының құрылысы орын тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізеді

admin_altyalash

Олжас Бектенов білім беру нысандарының жаңа оқу жылына толық әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды

admin_altyalash

Спортшыларда 1 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль бар

admin_altyalash