СЕМЕЙДЕ САЙЛАУ ӨТТІ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Қазан 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

СЕМЕЙДЕ САЙЛАУ ӨТТІ

13.10.2025
0
СЕМЕЙДЕ САЙЛАУ ӨТТІ
«Мен сайлауға бармадым», «кімді сайлап жатқанынан хабарым жоқ». Апталдай ағалар қала әкімінің жылы креслосына үміткерлерді танымайтынын да айтты. Қателесуім мүмкін, кеше инстаграмнан Семейде әкім сайлауына қатысты ел-жұрт осылай сұхбат бетіп жатты. Таң қалмадым. Өйткені біздің үйдегілер де дауыс беруге ерініп, саяси оқиғаға енжар қарайтын.
Балалар өсті. Кәмелет жасқа толды. Оларға азамат ретінде өз дауысыңды бер немесе қарсылығын білдірудің маңызды екенін түсіндіргенім есімде.
Кеше елімізде облыстық маңызы бар Семей қаласының әкімін алғаш мәрте жұрт сайлады. Тарихи шаһардың тұрғындары үшін маңызды оқиға деп ойлаймын. 128 сайлау учаскесі жұмыс істеген және 220 мың тұрғын дауыс беріпті.
Семей қаласында википедия 314 130 адам мекендейді деп жазыпты.
Аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттандыру жұмыстарын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, әлеуметтік желілер арқылы да жүргізілгенін көрдім.
Дегенмен сайлауда енжар позицияда болу, сен үшін шешім қабылдауды күту – бұл өткеннің қалдықтары. «Мен бұл кандидатты білмеймін. Мен саясатты түсінбеймін. Менің дауысым маңызды емес» – мұның бәрін ұмыту керек.
Белсенді азаматтық қоғам қалыптастыруға үн қосу, саналы шешім қабылдау арқылы сол қаланың дамуына үлес қосуға талпынуды өзімізден бастайық. Бұрынғыдай емес, әлеуметтік желілер арқылы әділетсіздік, халықтың келіспейтін тұстары билік назарынан тыс қалып жатқан жоқ.
Сайланған әкімге тиімді жұмыс, сәттілік тілегім келеді, өйткені өткен сайлаудың бірегейлігі тұрғысынан оның қызметін тек семейліктер ғана емес, бүкіл ел қадағалайтын болады. Демократияландыру тек Президенттің тапсырмаларына және жаңа тетіктерді енгізуге негізделе алмайды. Бұл өзгерістерге халықтың өзі де дайын болуы маңызды.
Сайлауда үнсіз қалмаңыз! Өз пікірімізді білдіріп, белсенді болайық!
Семейліктер парақшамда бар ма? Сайлау қалай өтті? Көне шаһар ұнады. Туризмге сұранып тұрған қала. Екі мәрте барып, музей аралап үлгермедім.

 

Жазира Бегалы
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Ақ бидай» спорттық ойындарының үздіктері марапатталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Семейде тұңғыш рет қала әкімін халық дауыс беріп, сайлады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.