Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Алматыда баға өсімі бақылауда

Алматы әкімдігі баға тұрақтылығын сақтап, тұтыну нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов мәлімдеді.

Қыркүйек қорытындысы бойынша Алматыдағы жылдық инфляция деңгейі – 13,2%. Бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден сәл ғана жоғары. Ал азық-түлік тауарларының қымбаттауы ел бойынша ең төменгі көрсеткіштің бірі – 9,2%.

Қалада халық табысын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, сумен қамту, су бұру, электр және жылумен қамту тарифтері төмендетілді.

Бағаны тұрақтандыру бағдарламасы аясында жеткізушілермен тікелей келісімшарттар жасалып, демалыс күнгі жәрмеңкелер мен фермерлерден өнім жеткізу арналары кеңейтілді.
Басты мақсат – алматылықтардың сатып алу қабілеті мен өмір сүру деңгейін сақтау.

Ұқсас жаңалықтар

Қауіпке тосқауыл қажет

admin_altyalash

Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

admin_altyalash