Cуицид атам заманнан келе жатқан мәселе – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қазан 22, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Cуицид атам заманнан келе жатқан мәселе

20.10.2025
0
Cуицид атам заманнан келе жатқан мәселе

фото:ашықдереккөз

Амангелді Мейрамбекұлы, психолог:

Ағзадағы бұзылыстар да суицидтік ойға әкелуі мүмкін

 

Қазіргі қоғамда психикалық саулық мәселесі барған сайын өзекті бола түсуде. Әлеуметтік және экономикалық өзгерістер, өмір ырғағының жеделдеуі, ақпараттық қысым адамның ішкі әлеміне елеулі әсер етеді. Көптеген адамдар эмоциялық күйзеліс пен шаршауды қалыпты жағдай ретінде қабылдап, дер кезінде маман көмегіне жүгінбейді. Бұл өз кезегінде тұлғалық және кәсіби деңгейде күйзеліс пен қажуға әкелуі мүмкін. Психологтар психикалық денсаулықты сақтау – жалпы өмір сапасын жақсартудың маңызды шарты екенін айтады. Адамның өзін түсінуі, эмоцияларын басқаруы және ішкі үйлесімділікке ұмтылысы – қоғамның да тұрақтылығына ықпал етеді. Сол себепті психолог Амангелді Мейрамбекұлынан қазіргі адамның психологиялық саулығына әсер ететін негізгі факторлар мен оларды еңсеру жолдары туралы тарқата айтып беруді сұрадық.

 

– Психологиялық қолдау дегеніміз не және оның суицидтік ойлардың алдын алудағы рөлі қандай?

– Психологиялық қолдау дегеніміз – адамның ой-өрісі, дүниетаным, көзқарас, ішкі үрей тағы басқа психикалық процесстерді ретке келтіруге көмектесетін қызмет түрі. Медицина адамның тәнін емдесе, ал, психология адамның жанын емдейді. Суицид мәселесі осы психология саласына тікелей қатысты. Бұл адам өмірінде негізгі рөл атқарады десе де болады.

– Соңғы жылдары жастар арасында суицидке бейімдік байқалып отыр. Бұл үрдістің себебі неде деп санайсыз?

– Өз басым “Соңғы жылдары” деген сөзді қолданбас едім, себебі суицид атам заманнан келе жатқан мәселе. Мысалыға, кеңес үкіметі заманында суицидтің көрсеткіші жан түршігерлік. Статистикаға қарасақ 1985 жылы 68100 адам өзіне қол салған. 1990 жылы 60800 адам. Ал қазақстанда 2022 жылы 3700 адам өзіне қол салған. Салыстырамалы алғанда қазіргі көрсеткіш едәуір төмен.

Ал, жалпы айтқанда жастардың суицидке баруының себебі – бірінші кезекте тұлғалық болмысы толық жетілмеген. Өмірлік тәжірибесінің аздығынан қиындықтарды шешу, оны алып өту қиындық тудырады. Бұл жерде жауапкершілік тікелей ата-анаға артылады. Ата-ана тарапынан қолдау болуы керек. Баласының қателігін айыптай бергеннен гөрі, жақсы қырларын мақтап, мадақтап отыру керек. Баласы қиындыққа шыдасын десе, онда ата-ана да өмірлік қиындықтарды ашуға беріліп, дүрбелең шығармай байсалдылықпен шешсін, баласына үлгі көрсетсін.

Одан бөлек суицид мәселесінде эндокриндік жүйені де ескеру керек. Себебі, қан құрамындағы витаминдердің төмендігі, қалқанша бездің дұрыс жұмыс жасамауы адамның көңіл-күйі мен ойына тікелей әсер етеді. Оның алдын алмаса суицидтік ой қалыптастырады.

– Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу тек мамандардың емес, отбасы мен қоғамның да міндеті. Осы тұрғыда ата-аналар мен мұғалімдерге қандай кеңес берер едіңіз?

– Дұрыс айтасыз. Бала бірінші кезекте ата-анаға керек. Сондықтан олар тарапынан қолдаудың болуы маңызды. Баланың болмысын ашуға, оның ішкі қажеттіліктері мен қызығушылықтарына ден қою керек. Қалай дегенімен бала өмірілік тәжірибесі жоқ, жаңа қалыптасып келе жатқан тұлға. Ол өзін қоғамда қалай ұстап жүруін толық білмейді.

Ал, қоғам тарапынан қандай көмек керек дегенге келсек, үлкендер тарапынан “қазіргі жастар бұзылған” деген ой қалыптасып қалған. Соның себебінен жастар сәл қателік жасаса оларды басынуға, жекіп, ұрысуға дайын тұрады. Ал, мұндай кезде жас жеткіншек өз-өзінен жабыла бастайды. Демек, ондай жаңсақ ойды түбегейлі алып тастау керек. Себебі, ондай айыптаудан жас баланың көңілі жайланып кетпейді.

– Мектептер мен жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтердің тиімділігін арттыру үшін не істеу керек?

– Жақсы әрі маңызды сұрақ екен. Бұл мәселені реттеу үшін психолог мамандардың жалақысын көтеру керек. Себебі, қазіргі таңда мектеп психологтарының жалақысы қателеспесем 150 000 теңге, ал, жоғарғы оқу орнында 190 000 теңгеден аспайды. Білікті маман мұндай жалақыға жұмыс жасауға бармасы анық. Оның орнына ортан қол, күмәнді жолдармен диплом алған дарынсыз мамандар барады. Сәйкесінше, жұмыс нәтижесі де соған лайық болады.

Одан бөлек, білікті психолог мамандардың аздығы қазіргі таңда үлкен мәселе. Көп жағдайда психологтар адамның мәселесін шешпек түгілі, шиеленістіріп жіберетін жағдай өте көп. Демек, мамандарды жұмысқа қабылдар алдын, оның қандай және қай жерден білім алғандығын тексеру керек. Осы екі мәселені ескерер болсақ психология қызметі өздігімен реттеледі.

– Әңгімеңізге рақмет!

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Шығыс Қазақстан – еліміздің ең көрікті аймақтарының бірі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.