Тұрақты интернет – бүгінде игіліктен бөлек,  халықтың күнделікті өмірі мен заманауи экономиканың маңызды қажеттілігіне айналды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тұрақты интернет – бүгінде игіліктен бөлек,  халықтың күнделікті өмірі мен заманауи экономиканың маңызды қажеттілігіне айналды

21.10.2025
0
Тұрақты интернет – бүгінде игіліктен бөлек,  халықтың күнделікті өмірі мен заманауи экономиканың маңызды қажеттілігіне айналды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылым саласын дамыту мәселесі қаралды. Онда Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, сондай-ақ байланыс операторлары мен интернет-провайдерлер өкілдері баяндама жасады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде 6179 ауылдық елді мекенінің 2606-сы қазірдің өзінде ұзындығы 120 мың шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылған. 2026 жылдың соңына дейін қосылу деңгейін 90%-ға дейін жеткізіп, тағы 3 мың ауылды қамту жоспарлануда.

Премьер-министр Президенттің цифрландыруға қатысты тапсырмасын ерекше атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлық ел болуы керек деген мақсат қойды. Ал, оған ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылым саласындағы жобаларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Экономиканы цифрлық трансформациялау бағытындағы барлық реформаның бастауында  байланыс инфрақұрылымы тұр. Сонымен қатар еліміздің аумағын  жылдамдығы жоғары интернетпен  жаппай қамту арқылы ғана  тиісті нәтижеге қол жеткізуге болады. Сонда ғана Мемлекет басшысының жаппай цифрландыру  және жасанды интеллект элементтерін енгізу туралы тапсырмасын  тиімді іске асыра аламыз. Тұрақты интернет – бүгінде игіліктен бөлек,  халықтың күнделікті өмірі мен заманауи экономиканың маңызды қажеттілігіне айналды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстанның телекоммуникация саласы соңғы бес жылда орнықты өсім көрсетіп отыр. Байланыс нарығында бүгінде бәсекелестік белсенді дамуда. Бұл өз кезегінде операторларды жаңа қызмет түрлерін ұсынуға және олардың сапасын арттыруға ынталандырып отыр.

Әлеуметтік жобалар іске қосылып жатыр. Олар цифрлық кеңістікте балаларды қорғауға және халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған.

Премьер-министр аталған жұмысты одан әрі жалғастыру керектігін атап өтті. Сонымен қатар жол бойында мобильді байланыс тұрақсыз, ауылды жерлерде интернет өте баяу, тіпті қалалардың өзінде ауқымды іс-шаралар барысында интернет сапасы нашарлап кетеді. Осыған байланысты Жасанды интеллект министрлігіне осындай үлкен шаралар кезінде байланыс және интернет инфрақұрылымына жүктеменің күрт артуына қатысты мәселені операторлармен бірге мұқият пысықтау, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.

Саланың дамуына серпін беру үшін  «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы қабылданды. Ол 2027 жылға қарай  елімізді байланыс желілерімен  және ең кемі  секундына 100 Мбит болатын  жылдамдығы жоғары интернетпен  100% қамтуға мүмкіндік береді.

Телефон және интернет-алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде Жасанды интеллект және Ішкі істер министрліктері осындай заңсыз әрекеттерге  тосқауыл қою жұмыстарын күшейтуі қажет. Олардың дені шетелдік нөмірлердің  және ұлттық жүйемізде тіркелмеген құрылғылардың көмегімен жасалады. Деректер базасынан  азаматтардың дербес мәліметтерінің таралып кеткені үшін  жазаны қатаңдату керек. Мұндай талап  мемлекеттік органдармен қатар,  қаржы ұйымдарына,  мобильді операторлар мен  жеке бизнеске де қатысты болуға тиіс.

Балалардың  цифрлық кеңістікте қорғалуын қамтамасыз ету үшін  Sim Kids жобасының тәжірибесін  кеңінен тарату керек.

Жасанды интеллект министрлігіне Өнеркәсіп және Құрылыс министрлігімен  және байланыс операторларымен бірге  бір ай мерзімде осы мәселе бойынша  нақты ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. Байланыс нысандарын салу кезінде басы артық бюрократия байқалатынына назар аударылды. Кейде антенна бағанын орнату жұмыстарының өзі бір жылға дейін созылып кетуі мүмкін. Елді мекендерде  байланыс пен интернет сапасы төмен аймақтардың мәселесін  біржола шешу үшін  өңір әкімдіктері байланыс операторларына базалық стансалар орнатуға орын бөлуге,  соның ішінде  кез келген қолайлы нысандарда орналастыруға жәрдемдеседі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бізді ортақ тарихи тамырластық, бай рухани-мәдени мұра біріктіреді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Апталықтың мақсаты — ұлттық анимацияны насихаттау

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.