Республика күні қарсаңында ескерткіштер жаңғыртылып, жаңа сквер ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қазан 23, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Республика күні қарсаңында ескерткіштер жаңғыртылып, жаңа сквер ашылды

22.10.2025
0
Республика күні қарсаңында ескерткіштер жаңғыртылып, жаңа сквер ашылды

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Республика күні қарсаңында Ескелді би, Балпық би,  Қаблиса жырау мен Қабанбай батырға арналған ескерткіштерді жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл ескерткіштер Талдықорған қаласында орнатылған. Сонымен қатар облыс орталығында жаңа сквер пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін қазан айының басында облыс әкімі Бейбіт Исабаев қаланы аралау барысында Ескелді би, Балпық би мен Қаблиса жырауға арналған «Үш ата» ескерткішін қалпына келтіру жұмыстарына қатысты бірқатар ескертпелер айтқан болатын. Мұнан кейін мердігер ұйым тарапынан тиісті шаралар қабылданды, атап айтқанда брусчаткалар ауыстырылып, сатының гранит тастары қайтадан төселді. Мүсіннің бояуы жаңартылды, ескерткіштің маңайы абаттандырылды, жарық шамдары орнатылды.

Сол сияқты Қабанбай батыр ескерткішінің де гранит қаптамалары ауыстырылып, жазбалары жаңғыртылды, монументі мен орындықтар боялды.

Атқарылған жұмыстардың сапасымен қала әкімі Ернат Бәзіл және ардагерлер мен Қоғамдық кеңес мүшелері танысты. Ардагерлер мәдени мұраларымызды сақтаудың маңызы зор екенін тілге тиек етіп, ескерткіштерді жаңғыртқан құрылысшыларға ризашылығын білдірді.

– Ата-бабаларымызға құрмет көрсету – біздің қасиетті борышымыз. Ата-баба мұрасын насихаттап, еліміздің тарихын тереңірек танып-білуіміз қажет, – деді ардагер журналист, «Алаш» сыйлығының иегері Әміре Әрін. Атап өтсек, облыста жыл басынан бері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған 112 ескерткіш ағымдағы жөндеуден өткізілген.

Осы күні облыс орталығының «Бірлік» шағын ауданында 0,62 га болатын жаңа сквер пайдалануға берілді. Онда автоматты суару жүйесі, жарық шамдары орнатылып, газон төселген. Әткеншектер, орындықтар, беседкалар, балалар ойын алаңы бар. Осы скверде күзгі уақытта 175 жапырақты және қылқан жапырақты ағаш егіледі деп жоспарланып отыр. Бұл тұрғындар үшін қолайлы демалыс орны болмақ.

«Бірлік» шағын ауданының тұрғындары сквердің ашылғанына қуанып отыр:

– Төрт жыл бұрын осында көшіп келдім. Енді үйдің жанында керемет паркіміз бар, енді ол таза ауада отырып тынығуға болатын демалыс орнымыз болады. Мектеп те паркке өте жақын орналасқан. Тұрғындардыңәл-ауқатына көңіл бөліп жатқан барша азаматтарға үлкен алғысымды білдіремін, – деді шағын аудан тұрғыны Назгүл Нұрланқызы.

 

 Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий ЕРОФЕЕВ.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Декларация – Тәуелсіздіктің хабаршысы, оның бостандыққа апаратын жолды жарықтандырған алғашқы сәулесі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«AMANAT» партиясы Әділетті Қазақстанның цифрлық дәуірін қалыптастыруда

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.