Таразда республикалық театр фестивалі басталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қазан 23, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Таразда республикалық театр фестивалі басталды

22.10.2025
0
Таразда республикалық театр фестивалі басталды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 90 жылдығы мен Қазақстанның халық артисі, көрнекті театр қайраткері Асқар Тоқпановтың 110 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінің ашылу салтанатына қатысты,-деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімдігі баспасөз қызметі.

Өңір басшысы театр ұжымын айтулы мерейлі мерекемен құттықтап, мәдениет пен өнердің қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті.

– Жамбыл театрының өзіндік мектебі қалыптасып, жаңа режиссуралық ізденістермен, тың қойылымдармен толығып келеді.

90 жылдық тарихы бар қасиетті қара шаңырақтың ұжымына рухани құндылықтарымызды дәріптеудегі еңбектері үшін шынайы алғыс білдіремін.

Барша театр қызметкерлеріне зор шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен шабыт тілеймін!

Театрдың бүгінгі атауы да – қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер, ұстаз, профессор, Қазақстанның халық артисі Асқар Тоқпановтың есімін иеленуі – үлкен мақтаныш.

Сондықтан мәдени мұрамызды дәріптеу және дара тұлға есімін ұлықтау мақсатында өткізіліп отырған театрдың 90 жылдығы мен Асқар Тоқпановтың 110 жылдық мерейтойына арналған республикалық театр фестивалі құтты болсын!

Фестивальға қатысушы барлық театр ұжымдарына сәттілік пен шабыт тілеймін! , – деді облыс әкімі.

Қазақ театр өнерінің ардагері, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов және Қазақстанның халық артисі, көрнекті актер Тұңғышбай Жаманқұлов мерейтойлық шараның мәні мен маңызына тоқталып, өздерінің құттықтауларын жеткізді.

Шара барысында бірқатар театр актерлары мен сала ардагерлері өңірдің мәдениет саласына қосқан үлесі үшін марапатталды.

Фестиваль аясында еліміздің өңірлерінен келген Атырау  облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры, Р.Сейітметов атындағы Түркістан  сазды драма театры, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры, Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры, С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау театр ұжымдары өз қойылымдарын ұсынып, үздік туындыларымен сахна төрінде бақ сынайды.

Мерекелік шара барысында көрме ұйымдастырылып, А. Тоқпановтың шығармашылық мұрасы мен өмір жолы дәріптеледі.

Фестиваль үш күнге жалғасып, үздік қойылымдар мен актерлер арнайы номинациялар бойынша марапатталмақ.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Еліміздегі білім беру жүйесінің дамуы: жетістіктері мен болашағы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Декларация – Тәуелсіздіктің хабаршысы, оның бостандыққа апаратын жолды жарықтандырған алғашқы сәулесі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.