Егемендік уақыт сынынан өткен қасиетті ұғым – сенатор – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Қазан 26, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Егемендік уақыт сынынан өткен қасиетті ұғым – сенатор

24.10.2025
0
Егемендік уақыт сынынан өткен қасиетті ұғым – сенатор

фото:ашықдереккөз 

Ел тарихында ұлт тағдырын айқындаған айрықша белес бар. Ол – Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданған күн. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған бұл құжат елдің тәуелсіздікке апарар жолын ашқан алғашқы заңды күшке ие қадам болды. Бүгін, арада 35 жыл өткенде, аталмыш акттың саяси салмағы мен рухани мәні жаңа қырынан танылуда. Осы ретте біз еліміздің егемендік жолындағы тарихи сабақтары мен қазіргі саяси бағыттың мәні жайында Сенат депутаты, қоғам қайраткері Ғалиасқар Сарыбаевпен сұхбаттасқан едік.

 

– Биыл Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғанына 35 жыл толып отыр. Осы тарихи құжаттың мәнін бүгінгі ұрпаққа қалай түсіндіруге болады?

– Ол кезең халқымыздың ғасырлар бойғы азаттыққа деген арманы заңды деңгейде айқындалған сәт болатын. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Декларация – тәуелсіз мемлекеттің құқықтық, саяси және экономикалық іргетасын қалап, Қазақстанның жаңа дәуірге қадам басқанын білдірді. Кей азаматтардың әлі де есінде болар, ол уақыт КСРО кеңістігі аласапыран жағдайда еді. Сондықтан осындай тарихи кезеңде мемлекеттік дербестік туралы құжат қабылдау – азаматтық ерліктің көрінісі болды дер едім. Декларация еліміздің аумағы мен шекарасының тұтастығын, билік тармақтарының тәуелсіздігін, азаматтардың теңдігін және ұлттық мәдениеттің даму құқығын бекітті.

Бұл акт – тек заңдық құжат емес, ол ұлттың өзін-өзі тануы мен болашағына деген сенімінің манифесі. Өйткені егемендіктің мәнін түсіну – тек өткенді еске алу емес, сонымен бірге елдің әрбір азаматының мемлекет тағдырына жауапкершілікпен қарауы. Егемендік – уақыт сынынан өткен қасиетті ұғым, ал оны сақтау – ұлттың басты парызы.

– Республика күні мерекесінің мәртебесі қайта берілгеніне де екі жыл болды. Осы қадамның саяси және рухани маңызы қандай деп ойлайсыз?

– Республика күнін ұлттық мереке ретінде қайта тойлау – тарихи әділеттіліктің орнауы. 1995 жылы бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарында болғанымен, кейін тізімнен алынып тасталды. Ал 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Бұл шешім – мемлекеттіліктің бастауы болған 25 қазанның тарихи мәнін ұрпақ жадында қайта жаңғыртты.

Республика күні – тек күнтізбелік дата емес. Ол – елдің егемендігін жариялаған алғашқы қадамның символы, тәуелсіздік рухының бастауы. Бұл мерекенің мәртебесін көтеру – ұлттық бірегейлікті нығайту, өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қараудың көрінісі. Қазіргі таңда бұл күн ел азаматтарын біріктіріп, мемлекет пен қоғамның даму жолындағы сабақтастықты көрсетеді. Республика күнін атап өту арқылы біз мемлекеттіліктің жауапкершілігін сезінеміз, ал бұл – елдің рухани беріктігінің белгісі.

– Бұл маңызды құжаттың негізгі құндылықтары мен ерекшеліктері туралы кеңірек айтып өтсеңіз.

– Декларацияның ерекшелігі – оның саяси, экономикалық және рухани маңызында. Біріншіден, ол Қазақстанды егемен мемлекет деп жариялап, КСРО-ның орталық билігіне тәуелділіктен арылтты. Екіншіден, қазақ халқының мәдениеті мен тілін сақтау, дамыту мәселесі ерекше атап өтілді. Бұл ұлттық сана қалыптасуына негіз болды.

Үшіншіден, құжат елдің экономикалық дербестігін жариялап, өз бюджеті мен қаржы жүйесін құруға жол ашты. Төртіншіден, Декларация этносаралық келісім мен бейбіт қатар өмір сүру қағидатын бекітті. Көпұлтты ел үшін бұл – ішкі тұрақтылықтың басты кепілі.

Бесіншіден, халықаралық құқық субъектісі ретінде Қазақстанның дербес қатынастар орнату құқығы танылды. Яғни, бұл құжат еліміздің әлемдік қауымдастықтағы беделін қалыптастырған алғашқы қадам болды.

Осылайша, Декларация ұлттық бірегейлік пен егемендік идеяларын біріктірген тарихи манифест дер едім. Ол бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның құқықтық және рухани негізін қалады.

– Егемендік идеясы мен тәуелсіздік рухы қазіргі реформалар мен мемлекет саясатының өзегінде қалай көрініс табуда?

– Егемендік идеясы – бүгінгі реформалардың өзегі. Біз қазір әділетті және ашық қоғам құру кезеңіндеміз. Президент ұсынған “Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет” формуласы осы егемендік рухының жалғасы. Соңғы жылдары елімізде саяси жүйені жаңғырту бағытында төрт үлкен реформалар пакеті жүзеге асты. Бұл – демократиялық институттарды нығайтып, азаматтардың ел басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған нақты қадамдар.

Сонымен қатар, экономикалық реформа да егемендік қағидаттарын тереңдетіп отыр. Мақсат – әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану және ұлттық мүддені қорғау. Цифрландыру, жасанды интеллект, білім мен ғылымның дамуы – егеменді елдің заманауи болмысын айқындайтын факторлар.

Қазір Қазақстан халықаралық қатынастарда бейбіт саясатты, өзара сенімді және тең серіктестікті ұстанады. Бұл – Декларацияда бекітілген бейбіт қатар өмір сүру идеясының қазіргі заманмен үндес жалғасы. Егемендік рухы енді мемлекет идеясынан азаматтық сана деңгейіне ауысты, яғни әр қазақстандық өз елінің болашағына жауапты екенін сезінетін қоғам қалыптасып келеді.

– 35 жыл ішінде Қазақстан халықаралық беделі жоғары мемлекетке айналды. Осы уақыт аралығында еліміздің сыртқы саясаттағы бағыты мен жетістіктерін қандай баға берер едіңіз?

– Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі – егемендіктің ең жарқын нәтижесі. Біздің ел әрқашан бейбіт диалог пен көпвекторлы саясат ұстанып келеді. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және Түркі мемлекеттері ұйымы секілді беделді құрылымдардың белсенді мүшесі.

Еліміз ядролық қарусыздану, климаттық тұрақтылық, гуманитарлық және энергетикалық қауіпсіздік мәселелерінде батыл бастамалар көтерді. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі – Қазақстанның халықаралық татулық пен бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесінің дәлелі.

Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылықтың тірегіне айналды. Елдің геосаяси орны көлік, сауда және энергия дәліздерін байланыстыратын стратегиялық көпір рөлін атқарады. Экономикалық тұрғыда да ел халықаралық инвестициялар үшін сенімді серіктес болып отыр.

Ең бастысы – Қазақстанның сыртқы саясаты өзінің егемендік қағидаттарына адал. Біз ешкімге тәуелді болмай, өз ұлттық мүддемізді қорғай отырып, әлеммен тең әріптестік орнатудамыз. Бұл бағыт елдің халықаралық беделін нығайтып, болашақта да тұрақтылықтың кепілі болмақ.

– Сұқбатыңызға рақмет!

 

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Заң мен тәртіп»: ШҚО жастары жауапкершілік пен әділеттілік жолын таңдайды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Рухани кодымыз – тектілік

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.