Рухани кодымыз – тектілік – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Қазан 26, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Рухани кодымыз – тектілік

24.10.2025
0
Рухани кодымыз – тектілік

фото:ашықдереккөз

Гүлнұр САПАРБЕК, «Алқа» әдеби-мәдени клубының мүшесі, дінтанушы:

Білсеңіздер, ата-бабамыздың рухани дүниетанымында табиғатпен ерекше байланыс болған. Қазақ ежелден-ақ «ұят боладыны» санаға сіңіріп өскен халық емес пе?! Тектілікке аса берген халық болса, соның бірі – қазақ. Ал қазір ақпарат билеген заманда Батыс мәдениеті, мұхит ар жағында жатқан америкалық мәдениет жастар арасында кең танылып кетті. Осының салдарынан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұрпақтар сабақтастығының шежіресі үзілейін деп тұрған сияқты. Бұрын халқымызда «Жер – Ана, ел – бала» дейтін. Табиғатта әр тастың, әр жаратылыстың киесі бар деп түсінді. Қазір өсіп келе жатқан жастардың біршамасы осы «кие» сөзінің ұғымын түсінбейді, тіпті ойланбауы да мүмкін. Керісінше, жаңа заман ұрпағы заңдылыққа үйреніп, қоғамда құқық, заң мәртебесін жоғары қоюды үйреніп жүр. «Тарихын білмейтін ұрпақтың болашағы бұлыңғыр» деген әдемі айтылған сөз бар. Сондықтан қазір бізге ең керек нәрсе – өткеннің рухани тәжірибесін заманауи өмірге үйлестіріп ұлтымызды сақтап қалуға тырысу. Тектілік – қазақ руханиятының ең басты өзегі. Тектілікті айтқанда адамгершілік ұғымы қатар айтылады. Бұл қасиеттер қазақтың басты бойға сіңіретін тәрбиесі десек болады. Яғни, ұлттық болмыста ғасырлар бойы әлі күнге дейін сақталып келе жатыр. «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» дейді ата-бабамыз. Қандай кезеңді бастан өткерсек те, «тек жібермейді» дегенді естиміз. Қазіргі қоғам рухани әлемді екінші қатарға ысырып қойды да, материалдық мәдениетіміз алдыңғы қатарға шығып кетті. Бірақ мұны даму, заманның қалыпты жағдайы деп ойлаймын. Өйткені адамзат бір сәтте материалдық шектен өтіп, рухани дүниеге қайта оралатыны заңдылық. Рух – жүректе жатқан із, мәңгілік қалады. Сол себепті рухани құндылықтар ешқашан жоғалмайды. Тек көмескіленіп, уақытша ғана көрінбей қалуы мүмкін.

Жанар ТАҢСЫҚ, мәдениеттанушы:

Қазақ қоғамында адам тәрбиесі заңмен өлшенбеген

Қазіргі ұрпақ пен сонау ертеде өмір сүрген ата-бабаларымыздың дәстүрге келгендегі көзқарасының арасындағы айырмашылық жер мен көктей екенін ашық айта аламыз. Нақтырақ, ақпараттық ашықтықтың болуы, мәдениет, дәстүрлі сабақтастық тұрғысынан деуімізге болады.  Ақпараттық ашықтықтың салдарынан кез келген елдің, кез келген мәдениет өкілдерімен тілдесе аламыз, емін-еркін олардың мәдениетін өзімізге сіңіре аламыз. Сөйтіп рухани дүниемізге жат нәрселерді күнделікті әдетімізге айналдыра аламыз. Біз мұсылман әлемінің бір бөлшегі болдық әрі тарих жағынан алатын болсақ Алтын Орданың заңды мұрагеріміз. Әлемдік ескі деген университеттердің тарихы бір дәуірді қамти алмайды. Себебі университеттердің түбі діни медреселерге тіреледі. Яғни замануи білім беретін университеттердің өзегі діни білім алатын жерде. Сол секілді Ясауи оқытқан медреселердің тарихы мың жылға жақын екендігін айтамыз.

Руханиятымыздың өзегі неде деген кезде не еске түседі? Қазақ ордасындағы биліктің иесі кім, қандай өркениеттің бөлшегі еді дегенде бәріміз мұсылман әлемінің бөлшегі деп айтамыз. Қарап отырсақ, біздің рухани кодымыз да, өзек те сол ерте кезден бастау алған. Демек, қазақ халқының рухани болмысы мен дүниетанымының тамыры ислам өркениетімен және соның негізінде қалыптасқан моральдық-адамгершілік қағидаттармен тығыз байланысты. Біздің мәдениетіміздің өзегі – имандылық, ізгілік, сабыр мен әділетті жоғары қою. Бұл қасиеттер ғасырлар бойы халық жадында сақталып, тұрмыс пен дәстүрдің ажырамас бөлігіне айналды. Қысқасы, қазақ руханиятының өзегі – тарих қойнауындағы терең тамыр мен бүгінгі сана арасындағы алтын көпір. Сол көпірді үзбей, ұрпақ жадында сақтау – баршамыздың қасиетті борышымыз. Қазақ қоғамында адам тәрбиесі ешқашан тек заңмен немесе тәртіппен өлшенбеген. Рухани тазалық, ар-намыс пен ұят, үлкенге құрмет, кішіге ізет арқылы ұрпақты тәрбиеледі. Осы ұстанымдар халықтың өмір сүру салтын, дүниеге көзқарасын, қарым-қатынас мәдениетін айқындап отырды. Ал қазір сол рухани діңгектерге жаңа тұрғыдан қарау қажет. Себебі жаһандану дәуірінде тек экономикалық немесе технологиялық даму жеткіліксіз. Рухани қуаты әлсіреген ұлттың болашағы да баянды болмайды.

 

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Егемендік уақыт сынынан өткен қасиетті ұғым – сенатор

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Бостандықтағы әр минутты бағалау керек»: Есірткі қылмысы үшін сотталған қыз өкінішін айтты

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.