Патриоттық есімдер – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Патриоттық есімдер

25.10.2025
0
Патриоттық есімдер

фото:ашықдереккөз

 1990 жылдың 25 қазаны ел тaрихындағы жаңа бетбұрыстың кезеңі. Жаңа шешімнің қабылданып, мемлекет тағдырында жаңа дәуірдің парағы ашылды. Дәл осы күні Қазақстанның тәуелсіздігін айқындайтын алғашқы құқықтық құжат – «Мемлекеттік егемендік туралы декларация» қабылданды. Бұл тарихи құжaт еліміздің дербес дaму жолына түсудің алғышарты болып саналады. Одан бөлек, мемлекеттің тірегі болатын халықтың да сан ғасырлық арманыныі жүзеге асуына ықпал етті.

 

Тәуелсіз мемлекеттің айрықша белгілері — шекарасы, рәміздері, Ата Заңы, ұлттық валютасы, Конституциясы сияқты құндылықтар. Осындай мемлекеттік маңызы бар атаулар халқымыздың есінде ғана емес, кейбір азаматтардың есімінде де көрініс тапқан.

Есім – адамның тұлғалық болмысын айқындайтын ерекше тілдік құбылыс. Ол – жеке тұлғаның қоғамдағы бейнесін танытатын, рухани мәнге ие белгі. Күнделікті өмірде есім иесінен гөрі оны өзгелер жиі қолданады, сондықтан ол әлеуметтік әрі психологиялық маңызға ие. «Жақсы есім – жан тынысы» деген сөз бекер емес. Себебі әдемі, мағыналы есім айтылғанда оны естіген адамның да, есім иесінің де көңілі көтеріліп, бойына қуат, жүрегіне жылылық ұялайды. Этнографтар мен мәдениеттанушылар қазақ ғұрпында балаға азан шақырып есім қоюдың маңызы зор екенін айтады. Яғни дүниеге келген баланың өмірін, болашағын есімімен байланыстыру үшін арнайы үлкендер ырымдап ат қойған. Енді статистикалық мәліметтерді мысалға келтіретін болсақ, ұлттық статистика бюросының дерегіне сенсек, бүгінде елімізде «Қазақстан» деп аталатын есімді 7 адам, ал «Казахстан» есімді 24 адам өмір сүреді екен. Сонымен қатар, «Отан» деп аталатын 136 азамат бар. Бұдан бөлек, «Ел» және «Атазаң» есімді бір-бір адамнан, «Рәміз» есімді 3 адам, «Атамекен» есімді 17 адам, «Тәуелсіз» есімді 2 адам және «Тәуелсіздік» есімді 1 адам тіркелген. Қоғамдық өмірдегі айтулы кезеңдер мен тарихи оқиғалар халқымыздың балаға есім беру дәстүрінде де із қалдыратыны анық. Мәселен, еліміз егемендігін алғаннан кейінгі кездерде нақты 25 сәбиге «Егемен», 12 балаға «Теңге» есімі берілген. Бұл деректер — халқымыздың елдік сана мен тәуелсіздікке деген терең құрметінің, Отанға деген сүйіспеншілігінің айғағы. Әрбір осындай есім – Тәуелсіз Қазақстанның тарихына деген іңкәрлік пен мақтаныш сезімінің көрінісі.

Елімізде ерекше есімдердің бірқатарын айттық. Солардың ішінде «Қазақстан» есімін иеленгендердің ішінде тек бір әйелдiң aты ғaнa «Қaзaқстaн» екен. Қалғандарының барлығы – ер адамдар. Сарапшылар мұны кездейсоқтық емес, ұлттық рухтың көрінісі деп түсіндіреді. Бұл есім ел тарихындағы ең маңызды кезеңмен – тәуелсіздік жылдарымен тығыз байланысты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ең егде Қазақстан бүгінде 92 жаста, ал ең жасы – 25-те. Бұл деректер тәуелсіздік дәуірінің символына айналған есімнің бір ұрпақтан келесіге рухани сабақтастық ретінде беріліп келе жатқанын аңғартады. Мәдениеттaнушы-этногрaфтaрдың aйтуыншa, мұндaй есім тaңдаудың түп-тамырында елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезім жатыр. Мәдениеттанушылар бұл құбылысты халықтың мемлекетке деген құрметі мен мақтанышының ерекше көрінісі деп бағалайды.

Қарағанды өңірінде Қазақстан Жарқын есімді азамат тұрады. Қарағанды және Ұлытау облыстарының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 29 мекемесінде жедел уәкіл болып қызмет атқаратын ол – өз ісінің нағыз маманы, тәртіп пен жауапкершілікті серік еткен тұлға. Атасы оны егемендіктің елең-алаң жылында дүниеге келген сәтте ел қуанышының белгісіндей көріп, «Қазақстан» деп атапты. Бұл есім кейіннен оның өмірлік ұранына айналғандай. Өйткені Қазақстан Жарқын – жұмысына да, отбасына да адал, сөзі мен ісі үйлескен азамат.

Мемлекеттік мекемедегі жауапты қызметінің барысында кейіпкеріміз әр сәтте жинақылық пен тәртіпті талап ететін салада еңбек етіп жүрген ол өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Әріптестері оны сабырлы мінезі мен тиянақтылығы үшін құрметтейді. Ал үйде – мейірімді жар, баласына үлгі әке. Жұмыста да, отбасында да оны көбіне «Қазақ» деп атайды екен. Бұл – әріптестері мен жақындарының оған деген ықыласының, елжандылық қасиетінің көрінісі. Өзі де бұл есімнің терең мағынасын жете түсінеді. «Қызметім де, атым да елмен тығыз байланысты. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік» дейді Қазақстан. Айтуынша, бос уақытында спортпен айналысқанды ұнатады, түрлі қоғамдық шараларға да белсенді қатысады. Қазақстан жеке өмірінде қазақ күресі мен футболды жаны сүйетін әуесқой спортшының бірі. Әрі ол өз есімін патриоттық бір ұран деп емес,  болашағының, мінезінің мазмұнын білдіреді деп түсінеді. Осындай есім иесі болу – ортасында абыройлы болудан бөлек, ұлтқа адал қызмет етуге деген уәде екенін де білдіреді.

Патриоттық мaзмұндaғы есімдер – елдік сaнa мен ұлт рухының айнасы. Мұндай есімді арқалап жүрген жандар өз атына лайық болуда. Өйткені қазақта «Атына заты сай» деген тауып айтылған сөз бар. Шынында қазір есімде де мінез бар дейміз. Қазақ баласының жауаптылығының арқасы болар, біз мысалға келтірген жаннан басқа да халық арасында азаматтар бар. Міне солар еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай тер төгіп келеді.

 

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ФЕРМЕРГЕ ЖҮКТЕЙТІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ДЕ МОЛ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.