Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

25 қазан – Республика күні: Қазақстанда бір тәуліктің ішінде 709 бала дүниеге келді

Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның перзентханаларында 709 нәресте, оның ішінде 359 ұл, 350 қыз дүниеге келді.

Бұл күн елдің жаңа өмірі мен болашағының символына айналды.

Бір тәуліктік ішінде босандыру ұйымдарындағы медицина қызметкерлері 704 босандыруды жүзеге асырғанын айта кеткен жөн.

Жаңа туған нәрестелердің арасында бес жұп егіз бар, бұл мерекенің тағы бір қуанышты оқиғасы болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мереке күні перзентханаларда кезекшілік жасап, Қазақстанның жаңа азаматтарын қабылдаған дәрігерлерге, акушерлерге және барлық медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдіреді.

Әрбір бала дені сау, бақытты болып, өз елінің мақтанышына айналсын!

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанды айыптау кейбір күштерге тиімді – Берік Уәли Садықовқа жасалған қастандық туралы

admin_altyalash

Алматы облысында 3 жасар қыз бір айдан бері табылмай жатыр

admin_altyalash

Мұнай өнімдерін контрабандалауға арналған туннель жойылды

admin_altyalash