Біз бірліктің өздігінен пайда болмайтынын есте ұстауымыз керек – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Қараша 4, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Біз бірліктің өздігінен пайда болмайтынын есте ұстауымыз керек

03.11.2025
0
Біз бірліктің өздігінен пайда болмайтынын есте ұстауымыз керек

«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері «Біздің күшіміз бірлікте» тақырыбы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясында өткен отырысқа қатысты.

Депутаттық топтың жетекшісі сенатор Нұртөре Жүсіп өз сөзінде кездесу тақырыбы Қазақстан мемлекеттілігінің іргелі құндылықтары – еліміздегі барлық азаматтардың татулығы, келісімі мен бірлігін толық көрсететінін атап өтті. Тәуелсіздіктің негізін қалаған дәл осы қағидаттар отыз жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның үдемелі дамуының негізгі факторына айналды. Депутат Мемлекет басшысы қоғамды біріктіру және халық бірлігін нығайту мәселесіне ерекше назар аударып отырғанын жеткізді.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен ұлттық бірлік пен азаматтық бірегейлікті нығайту бағыты дәйекті түрде жүзеге асып келеді. Мемлекет басшысы халық бірлігі – еліміздің стратегиялық ресурсы, күші мен тұрақтылығының қайнар көзі екенін атап өтті. Жолдауда Президент қоғамды топтастыруға, әділеттілік және барлық азаматтарға тең мүмкіндік жасауға ерекше назар аударған болатын. Бұл тәсіл «Жаңа Қазақстан» философиясын паш етеді, онда әркім ортақ іске өзінің қатысы мен Отанымыздың болашағына жауапкершілікті терең сезінеді», – деді Нұртөре Жүсіп.

Депутаттық топтың басшысы сонымен қатар қазіргі заманғы әлеуметтік, экономикалық және геосаяси қауіп-қатер жағдайында халық бірлігінің маңызы ерекше екенін атап өтті. Қазақстан жаһандық өзгерістер мен сыртқы дүрбелеңдерге қарамастан, ел халқының ішкі түпқазығы – бірліктің арқасында тұрақтылық аралы болып қала береді.

«Біз бірліктің өздігінен пайда болмайтынын есте ұстауымыз керек. Оны диалог пен өзара түсіністік және әділеттілік арқылы нығайта түсу керек. Президент қойған мақсаттарды тек бірге ғана жүзеге асыра аламыз және әрбір адам өзін Қазақстанның біртұтас халқының бір бөлігі ретінде сезінетін әділетті, күшті және гүлденген мемлекетті өркендете аламыз. Бүгінгі отырыс еліміздің бүкіл қоғамдастықтар арасындағы сенім мен ынтымақтастықты нығайтатын жаңа бастамалар мен шешімдерге бастайтын нық қадам болсын», – деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Іс-шараның мақсаты – табиғи аумақтарды тазарту, ұлттық парктің экожүйесін сақтау

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Айтыстың басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.