110 мыңнан астам бала «111» байланыс орталығына көмек сұрап жүгінді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қараша 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

110 мыңнан астам бала «111» байланыс орталығына көмек сұрап жүгінді

06.11.2025
0
110 мыңнан астам бала «111» байланыс орталығына көмек сұрап жүгінді

2025 жылдың басынан бері отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өтініштер қабылдайтын «111» бірыңғай байланыс орталығына балалардан 110 999 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 108 987 өтініш мектептер мен колледждерде орналастырылған QR-кодтар арқылы, ал 2 012 қоңырау телефон арқылы қабылданған.

🛡️Байланыс орталығының жұмысы барысында 3 499 балаға психологиялық көмек көрсетілді, 1 602 өтініш бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жедел қолдау ұйымдастырылды. Өтініштердің басым бөлігі ақпараттық және кеңес беру сипатында болды.

📲Ең көп өтініш түскен өңірлердің қатарында Алматы қаласы (9 160), Батыс Қазақстан (7 654) және Түркістан (7 478) облыстары бар. Ал ең төмен көрсеткіштер Ұлытау (1 017), Солтүстік Қазақстан (1 738) және Абай (1 765) облыстарында тіркелген.

🎯Мемлекеттік органдардың қатысуын қажет еткен өтініштер орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілімен, өңірлік уәкілдермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе қаралды.

💬«Өтініштерді талдау барысында балалардың қоңырау шалудан гөрі жазып көмек сұрауды жиі таңдайтыны анықталды. Көпшілігі сөйлесуге ұялады, кейбірі қобалжиды. Ал хабарлама арқылы өз ойын ашық айтып, анонимді түрде көмек алуға мүмкіндік бар. Күн сайын мамандар жүздеген баланың жанайқайын естиді. Бірі – уайымын, бірі – қорқынышын, енді бірі – отбасындағы қиындықтары мен ата-аналар, достар арасындағы түсініспеушіліктерімен бөліседі. Жақында ғана бір оқушы QR-код арқылы хабарлама жазып, көмек сұраған. Мамандар оған бір реттік емес, жүйелі психологиялық қолдау көрсетіп, өзіне деген сенімділігін қайта қалпына келтіруге көмектесті. Әр бала мектепте өзін түсінетін, тыңдай білетін әрі дер кезінде қолдау көрсететін ұстазы бар екенін сезінуі керек. Ал әрбір ересек – ата-ана мен мұғалім – баласына қысқа ғана «111» нөмірі туралы айтып, қажет сәтте қайда жүгінуге болатынын үйреткені маңызды. Өйткені кейде осындай қарапайым ақпарат баланың өмірін өзгертіп, оны үлкен қиындықтан арашалап қалуы мүмкін», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда түнде жауған қар тазартылды: коммуналдық қызмет негізгі жұмысты аяқтады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.