Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Oracle компаниясы ЖИ және «бұлтты» технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Қараша 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Oracle компаниясы ЖИ және «бұлтты» технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

07.11.2025
0
Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Oracle компаниясы ЖИ және «бұлтты» технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Oracle компаниясы жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер және «бұлтты» технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қол қою рәсімі Вашингтонда  АҚШ – Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту, экономикалық және технологиялық дамуды қолдауға бағытталған C5+1 форматындағы бизнес-конференция барысында өтті.

Меморандум аясында тараптар Қазақстанда Oracle компаниясының пилоттық ЖИ-инфрақұрылымын орналастыру мүмкіндігін бағалауға және тиісті тестілеулер жүргізуге қолдау көрсету, бұлтты деректер орталықтарын кезең-кезеңімен дамыту әлеуетін зерттеу, сондай-ақ қолданбалы жасанды интеллект бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыру бағытында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ ынтымақтастық аясында кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған арнайы оқу және сертификаттау бағдарламалары, бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары, Қазақстанда Oracle құзыреттер орталығын құру мәселелері қарастырылуы мүмкін. Тараптар жасанды интеллектіні дамытудағы реттеу және этикалық мәселелер бойынша диалогты жалғастыруға ниетті.

Жаслан Мәдиев, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:«Oracle компаниясымен ынтымақтастық Қазақстанның ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және цифрлық экожүйесін дамытуға ықпал етеді. Бұл еліміздің цифрлық экономикасын қалыптастыру үшін берік негіз құру және технологиялық инновацияларды ілгерілету жөніндегі біздің ұстанымымызды көрсетеді».

 

Эллисон О’Брайен, Oracle компаниясының мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры: «Oracle Қазақстанның жасанды интеллектіге қатысты ұлттық стратегиясын іске асыруды қолдауға дайын. Біздің технологиялар мен сараптамалық тәжірибеміз цифрлық трансформацияны жеделдетуге және әртүрлі салаларда инновацияларды ынталандыруға көмектеседі».

  

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

110 мыңнан астам бала «111» байланыс орталығына көмек сұрап жүгінді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.