Сыр жұрты Мемлекет басшысына алғысын жеткізді. – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Қараша 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Сыр жұрты Мемлекет басшысына алғысын жеткізді.

10.11.2025
0
Сыр жұрты Мемлекет басшысына алғысын жеткізді.

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, аймақтың дамуына серпіліс берген жобалармен танысты.
Сыр жұртшылығы Президентіміздің бірлік пен тұрақтылыққа, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамаларын қолдап келеді.
Аймақтағы игілікті істердің жүзеге асуына ерекше қамқорлық көрсеткенін жақсы біледі. Өйткені саяси-экономикалық реформалардың нәтижесі Қызылорда облысының бүгінгі даму серпінінен анық байқалады.
Мемлекет басшысының өңір жұртшылығымен кездесуде айтқан әлемдегі ахуал, су тапшылығы, жастар тәрбиесі, жасанды интеллект дәуірінің жаңашылдықтарын пайдалану туралы пайымдары баршаға ой салды. Әсіресе, Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхананы Қызылорда қаласында салу туралы бастама жұртшылықты қуанышқа кенелтті. Президенттің:
«Облыс жалпы жақсы дамып келе жатыр. Қарқыны жоғары»,- деген оң бағасы ынтымағы мен бірлігі жарасқан Сыр халқының мерейін өсірді.
Сапардан соң, қызылордалықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына хат жолдап, алғыс білдірді.
«Сізге барша Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды, зор ризашылығымызды білдіреміз.
Әділетті, Қуатты, Таза Қазақстанды құру жолындағы барлық бастамаларыңызды қолдаймыз!
Тәуелсіз еліміздің дамуына бағытталған тарихи миссияңызға мол жетістік, мықты денсаулық және сарқылмас жігер тілейміз!»- делінген хатта. Сыр жұртшылығының атынан жолданған алғысты жеткізгендер арасында “Қазақстанның Еңбек Ерлері”, ардагерлер мен әйелдер кеңесі, қоғамдық кеңес, зиялы қауым, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар бар.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматы Қазақстанның туристік орталығы ретіндегі орнын нығайтып келеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тоқаевтың Ресейге сапары қарсаңында Мәскеуде екі елдің тулары ілінді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.