Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЭкономика

Ақсуат ауданында үш ауылды жалғайтын көпір құрылысы жүргізілуде

Абай облысы Аудан тұрғындарының өтінішіне сәйкес биыл Ақсуат, Құмкөл және Ойшілік ауылдарын байланыстыратын жолдағы Тебіске өзенінен өтетін көпірді қайта құру жұмысы басталды. Бұл жоба көлік қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Көпірдің ұзындығы 55 метр, ені 8 метр, екі жолақтан тұрады. Сондай-ақ, көпірге кірме жолдың ұзындығы 832 метр болмақ. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Материалдар толық жеткізілген, төрт тіректің іргетасы қаланған.

Барлық жұмыстар қауіпсіздік және сапа талаптарына сай орындалуда. Көпір құрылысы аяқталған соң ауыл тұрғындарының қатынау мүмкіндігі едәуір жақсарып, көлік қозғалысы әлдеқайда қауіпсіз әрі ыңғайлы болмақ. Бұл – аудан халқының көп жылдан бергі өзекті мәселесінің шешімі әрі аймақ инфрақұрылымының дамуына серпін беретін маңызды жоба.

Ұқсас жаңалықтар

25 қазан – Республика күні: Қазақстанда бір тәуліктің ішінде 709 бала дүниеге келді

admin_altyalash

Ақтөбе облысында бопсалаушылар тобы ұсталды

admin_altyalash

Алматы облысында колония басшысы қамауға алынды

admin_altyalash