Аграрлық саладағы тұрақты өсім мен инвестициялық мүмкіндіктер – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Қараша 14, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Аграрлық саладағы тұрақты өсім мен инвестициялық мүмкіндіктер

14.11.2025
0
Аграрлық саладағы тұрақты өсім мен инвестициялық мүмкіндіктер

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының берік тірегі, халықтың әл-ауқаты мен елдің тұрақтылығын қамтамасыз ететін стратегиялық сала. Бүгінде бұл сектор тек нан мен азық өндіруші ғана емес, аймақтардың әлеуметтік тұрмысын қалыптастыратын, ауылдардың дамуына серпін беретін маңызды күшке айналып отыр. Соңғы жылдары аграрлық сала жаңа серпінмен дамуда: өнім көлемі тұрақты өсіп, фермерлік шаруашылықтар жаңаша технологияларды меңгеріп, инвестициялар ағыны күшейе түсті. Яғни, ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының қазіргі өзгермелі жағдайында өзіндік бағытын айқын белгілеп, жаңару кезеңіне батыл қадам басып келеді.

Өндіріс динамикасы: өсім егіншілік пен мал шаруашылығында

2025 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8,1 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,4 %-ға жоғары. Оң динамика егіншілік секторында (+6,7 %) да, мал шаруашылығында (+3,4 %) да байқалады.

Инвестициялардың айтарлықтай артуы бизнестің аграрлық салаға деген тұрақты қызығушылығын растайды: негізгі капиталға 590,5 млрд теңге (+28 %) инвестиция салынған, азық-түлік өнімдерін өндіруге 134 млрд теңге (+52,7 %), сусындар өндіруге  82,1 млрд теңге (өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есеге жуық өсім).

Егіншілік: әртараптандырылған егіс құрылымына көшу

2025 жылы егіс алқабы 23,6 млн гектарды құрап, 322,8 мың гектарға ұлғайды. Егіс құрылымы да өзгеру үстінде, бидай алқаптарының қысқаруы жоғары рентабельді әрі сұранысқа ие дақылдардың көлемін арттырумен қатар жүріп жатыр.

Ең айқын өзгерістер:

  • майлы дақылдар +1 млн га (4 млн га дейін);
  • дәнді-бұршақ дақылдары +279,8 мың га;
  • картоп +9,3 мың га;
  • қант қызылшасы, мал азығы дақылдары, мақта және күріш алқаптары да кеңейтілді.

Мұндай әртараптандыру ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен тұрақты қамтамасыз етуге, экспорттық әлеуетті арттыруға және ауыл шаруашылығының климаттық әрі нарықтық тәуекелдерге төзімділігін күшейтуге бағытталған.

Мал шаруашылығы: мал басының және өндіріс көлемінің артуы

 

Мал шаруашылығы да оң динамика көрсетіп отыр. 2025 жылдың тоғыз айында:

  • ет өндірісі (сойыс салмағында) +2,6 % (816,3 мың тоннаға дейін);
  • сүт өндірісі +5,7 % (3 млн тоннаға дейін);
  • ІҚМ саны +1,1 % (8,5 млн басқа дейін);
  • жылқы +6,4 %, түйе +4,5 %, құс +6,5 %.

Мал басының артуы және өнімділіктің өсуі ет-сүт өнімдері экспортын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады, әсіресе экологиялық таза, өңірлік өнімге сұраныс өсіп отырған қазіргі кезеңде.

Инвестициялар: жаңғырту, қайта өңдеу және жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу

2025-2027 жылдарға арналған АӨК бойынша жалпы құны 3,4 трлн теңге болатын 711 жобадан тұратын Жол картасы бекітілген. Тек 2025 жылы 594 млрд теңгеге 282 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда 132,2 млрд теңгелік 96 жоба пайдалануға берілді. Оның ішінде жылыжай кешендері, қайта өңдеу кәсіпорындары және құс фабрикалары бар.

Жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар қатарында:

  • 500 гектарлық жылыжай кешені;
  • қант зауытының құрылысы;
  • жүгеріні терең өңдеу зауыты;
  • өсімдік майын және дәнді дақылдарды терең өңдеу өндірісі;
  • алкогольсіз сусындар шығаратын кәсіпорын.

Мұндай жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірлік бюджеттердің өсімін қамтамасыз етеді және ауылдық аумақтарда өндірістік инфрақұрылымды дамытуға серпін береді.

Азық-түлік қауіпсіздігі: отандық өндірістің артуы

2025 жылдың алғашқы сегіз айында азық-түлік өнімдерінің шығарылымы 2,4 трлн теңгені құрады (НКИ – 110,1 %). Ең жоғары өсім келесі санаттар бойынша тіркелді:

өсімдік майы +27 %,

макарон өнімдері +10 %,

күріш +17,6 %,

сүт өнімдері +6,4 %,

алкогольсіз сусындар +20 %.

24 негізгі өнім түрі бойынша өзін-өзі қамту деңгейі 80-100 % аралығында. Өсу әлеуеті құс еті, балық, ірімшік, шұжық өнімдері және қант санаттарында сақталып отыр.

Осы бағыттарды дамыту үшін 2027 жылға дейін жалпы құны 927 млрд теңге болатын 175 жобаны іске асыру жоспарланған.

Техника паркін жаңарту және локализацияның артуы

2025 жылдың басында ауыл шаруашылығы субъектілерінде: 138 мың трактор, 31 мың комбайн, 71 мың сеялка, 140 мыңнан астам топырақ өңдеу құралдары болды.

2024 жылы ауыл шаруашылығы техникасының жаңару деңгейі 5,5 % құрады, ал 2025 жылы оның 6,5 %-ға дейін өсуі күтілуде. Тоғыз ай ішінде 23,5 мың бірлік техника сатып алынды, оның 9,4 мың бірлігі – жылдық 5 % мөлшерлемемен жеңілдетілген лизинг арқылы алынды.

Елде John Deere, CLAAS, РСМ, Беларусь, Lovol, Deutz Fahr және басқа брендтер бойынша кең ауқымды техника шығаратын 10 зауыт жұмыс істейді.

Локализация саясатының арқасында ішкі нарық отандық техникамен 90 %-ға дейін қамтамасыз етіліп отыр.

Қазақстанның аграрлық секторы жаңа даму кезеңіне қадам басуда. Бұл кезең мына ерекшеліктермен сипатталады: технологиялық жаңару, қайта өңдеу көлемінің ұлғаюы, экспорттық әлеуеттің артуы, жер ресурстарын тиімді пайдалану деңгейінің көтерілуі, инвестициялық белсенділіктің күшеюі.

Негізгі міндеттер ретінде ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, фермерлік шаруашылықтардың табыстылығын арттыру және елдің толық азық-түлік өзін-өзі қамтамасыз етуіне қол жеткізу мақсаттары айқындалып отыр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.