Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ДенсаулықЖаңалықтар

Астанада инфекциялық стационар төсектер санын 550-ге дейін ұлғайтуға дайын

Астанада маусымдық ЖРВИ мен тұмаудың өршуі кезеңінде балаларға арналған инфекциялық стационардағы төсектердің жүктемесі туралы №3 көпбейінді балалар ауруханасының директоры Марат Қарсыбекұлы Абдуов мәлімдеді.

Оның айтуынша, стационар 288 төсекке есептелген, алайда пациенттердің көбеюіне байланысты төсек қоры 453-ке дейін кеңейтілді, оның ішінде 243 төсек — вирустық инфекциясы бар балаларға арналған.

Тәулік сайын стационардың қабылдау бөліміне 450–500-ге дейін жүгіну тіркеледі. Солардың тек 20–25%-ы ғана емдеуге жатқызуды қажет етеді. Қалғандарына үй жағдайында емделу үшін дәрігердің тиісті ұсынымдары беріледі.

«Біздің инфекциялық стационар төсектер санын 550-ге дейін ұлғайтуға дайын, сырқаттанушылық өскен жағдайда қолданылатын резервтеріміз бар, дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілгенбіз»,

– деп атап өтті инфекциялық аурухананың басшысы.

Сонымен қатар ол ата-аналарды стационардың қабылдау бөлімінде жиналмауға шақырды, себебі бұл өзге инфекциялармен айқаспалы жұқтыру қаупін арттырады.

Ауру белгілері пайда болған жағдайда тұрғындарға өз учаскелік дәрігерлеріне, фильтр-кабинеттерге, емханалардың шұғыл көмек бөлімшелеріне жүгіну немесе мобильді бригаданы шақыру ұсынылады.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін әдебиет пен мәдениеттің қос қазынасы тоғысқан күн

admin_altyalash

Жошы хан туралы жазылған тұңғыш тарихи романның таныстырылымы өтеді

admin_altyalash

Әлемнің 10 елінен келген скауттар көшпенділердің тұрмыс тіршілігімен танысуда

admin_altyalash