«Кең дала 2» бағдарламасы фермерлерге жаңа ауыл шаруашылығы маусымына алдын ала дайындалуға мүмкіндік беретін стратегиялық шешім – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Кең дала 2» бағдарламасы фермерлерге жаңа ауыл шаруашылығы маусымына алдын ала дайындалуға мүмкіндік беретін стратегиялық шешім

26.11.2025
0
«Кең дала 2» бағдарламасы фермерлерге жаңа ауыл шаруашылығы маусымына алдын ала дайындалуға мүмкіндік беретін стратегиялық шешім

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Кең дала 2» негізгі мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (АШТӨ) қаржыландыруға ресми түрде кірісті. Көктемгі дала жұмыстары басталғанға дейін жеңілдетілген несиемен ерте қаржыландыру іске асырылуда. Бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық маңызды қадамы.

Қаржыландырудың басталғаны аграрлық қоғамдастық тарапынан жоғары қызығушылық тудырды. «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша Корпорация жалпы сомасы 82,3 млрд теңгенің 694 өтінімін қабылдады.

«Кең дала 2» бағдарламасы фермерлерге жаңа ауыл шаруашылығы маусымына алдын ала дайындалуға мүмкіндік беретін стратегиялық шешім. Қаражатты ерте бөлу өте маңызды: бұл фермерлерге жанар-жағармайды, минералды тыңайтқыштарды, тұқымдарды, өсімдік қорғау құралдарын тиімді (егіс маусымы басталғанға дейін) бағамен сатып алуға және техниканы уақтылы жөндеуге мүмкіндік береді. Осы оңтайлы тәсіл тәуекелдерді төмендетеді, егіс шығындарын азайтады және өнімділікті арттырады. Бұл фермерлер нық сеніммен жұмыс істеу үшін барлық жағдайларды жасау керектігі жөнінде Мемлекет басшысының қойған міндеттеріне толық сай келеді.

Бұл саясаттың жетістігі тарихи динамикамен де расталады: «Кең дала» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиелеудің жалпы көлемі өсуде – егер 2023-жылы ол 140 млрд теңгені құраса, 2025-жылы 500 млрд теңгеден асты.

Бағдарлама айналым қаражатын толықтыруға несие беру үшін серіктестердің кең желісі арқылы іске асырылатын кешенді қаржы құралы. Қаржыны Аграрлық несие корпорациясының филиалдарынан (тікелей қарыз алушылар үшін), кредиттік серіктестіктер (КС), екінші деңгейлі банктер (ЕДБ), микроқаржы ұйымдары (МҚҰ), өңірлік инвестициялық орталықтар (ӨИО) және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) арқылы да алуға болады.

Қолжетімділіктің негізгі факторы жеңілдетілген жылдық сыйақы ставкасы: несие 5%-бен беріледі. Айта кету керек, несиелер нарықтан тартылған қаражат есебінен беріледі, бұл бюджетке түсетін жүктемені азайтады.

Фермерлердің кепілдік жүктемесін азайтуға ерекше назар аударылды: қарыз сомасының 85%-ы «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы – «Даму» КДҚ» АҚ кепілдігімен қамтамасыз етіледі. Тек қалған сома мен сыйақыны кепілмен фермер өзі қамтамасыз ету қажет, бұл қаражатқа қол жеткізуді едәуір жеңілдетеді.

«Кең дала 2» бағдарламасын іске асыру және оның қаржыландыру көлемін рекордтық деңгейге жеткізу «Бәйтерек» Холдингі мен оның еншілес ұйымдары отандық АӨК-ті қолдаудың тұрақты және технологиялық жүйесін құру жөніндегі стратегиялық міндетті тиімді орындап жатқанын растайды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астанада «Қазақстан Республикасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» ұлттық баяндамасы таныстырылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ерлан Төлеутайды халықаралық марапаттарымен құттықтайды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.