Депутаттар, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мәселесін талқылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Қараша 28, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Депутаттар, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мәселесін талқылады

27.11.2025
0

Астанада әскери қызметшілердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету, армияның әлеуетін нығайту және әскери қызметтің беделін көтеру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар мен күштік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов ведомство жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндады. Ол жауынгерлік дайындықты жетілдіру, инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздік стандарттары мен цифрлық шешімдерді енгізу төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Министрдің айтуынша, әскери қызметтің қауіпсіз жағдайын қалыптастыру және әскерге шақыру тәртібін ашық ету үшін Парламентпен, қоғаммен, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығымен тығыз байланыс қажет.

Министр, әсіресе мерзімді қызметтегі сарбаздармен кешенді жұмысты күшейтуге және профилактикалық шараларды арттыруға баса назар аударылатынын атап өтті. Командирлерді дайындау талаптары күшейтіліп, нормативтік база жетілдіріліп, сарбаздардың отбасыларымен байланыс кеңейіп келеді.

Қатысушыларға әлеуметтік қолдау шаралары да таныстырылды. Атап айтқанда, биыл 2710 сарбаз білім гранттарын алса, 20 мыңнан астам әскери қызметші жалпы сомасы 8 млрд теңгені құрайтын кредиттік демалысқа қол жеткізді. Бұдан бөлек «Smart военкомат», Jauynger, Sarbaz 2.0 және Askeri Ziyat сияқты цифрлық жобалар, сондай-ақ Арнайы операциялар күштерінің жаңа киім үлгілері мен жабдықтары ұсынылды.

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай қорғаныс саласында әскери омбудсмен институтын енгізуді қарастыруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл тетік қоғам, әскери қызметшілер және Парламент арасындағы байланысты нығайтып, азаматтар өтініштеріне және әскери қызметшілердің қажеттіліктеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қоғамдық ұйым өкілдері ашық коммуникация мен сенімді ақпарат көздерінің маңызын атап өтті. «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің төрайымы Лилия Хайруллина ресми әрі ашық ақпараттың қауесеттердің алдын алып, қоғам сенімін арттыруға ықпал ететінін айтты.

Талқылауға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, сарапшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты. «Айқын» газетінің бас редакторы, әскери сарапшы Амангелді Құрмет ақпараттық кеңістікте оң пікір қалыптастыруды нығайтып, қоғам сенімін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін көтерді.

Мәжіліс депутаттары заңнаманы одан әрі жетілдіру керек екенін атап өтті. Биыл әскери-патриоттық тәрбие, аумақтық қорғаныс және резервтік қызмет туралы үш маңызды заң қабылданғаны еске салды.

Қарулы күштердің ардагерлері Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев пен генерал-майор Марат Нағұманов жеке құраммен жұмысты жетілдіруге қатысты өз тәжірибелерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

Дөңгелек үстел форматы мемлекеттік органдар, күштік құрылымдар және қоғамдық ұйым өкілдерінің ортақ ұстанымдарын біріктіруге мүмкіндік берді. Жиын қорытындысы бойынша әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қорғауды күшейту, қызмет жағдайларын жақсарту және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласында заң шығарушылардың, мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен жұмысына бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ақтауда күдіктіден “синтетиканың” ірі партиясы тәркіленді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.