Астанада «Ел салтанаты» атты мерейтойлық концерт өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Желтоқсан 4, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада «Ел салтанаты» атты мерейтойлық концерт өтті

03.12.2025
0
Астанада «Ел салтанаты» атты мерейтойлық концерт өтті

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында «Ел салтанаты» атты мерейтойлық концерт өтті. Іс-шара «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жолдаған құттықтау хатын Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкенов оқып берді.

«Алғаш құрылған күннен бастап-ақ ансамбль еліміздің мәдени кеңістігінде елеулі орын алып, төл өнерімізді әлемге таныту жолында аянбайеңбек етіп келеді. Осылайша, қазақ би өнерінің қара шаңырағы сан ұрпақтың рухани темірқазығына айналып, ұлттық болмысымыз бен мәдени құндылықтарымызды би тілінде сөйлете білді», – делінген министрдің құттықтауында.

Концерт ұлттық хореографияның таңдаулы үлгілерін және түрлі этномәдени дәстүрлерді тоғыстырған көркем өнер мерекесі болды. Ансамбль жаңартылған концерттік бағдарламасында классикалық қазақ билері мен әлемдік хореографияның үздік қойылымдарын ұсынды.

Кештің ерекше атмосферасын құрметті қонақтардың өнері толықтыра түсті. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Қазақ оркестрі, «Қазақконцерт» РМКҰ-ның «Бірлік» ән-би ансамблі, әйгілі «Гүлдер» ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі және «Наз» мемлекеттік би театрының ұжымдары мерекелік кештің сәнін келтірді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ақтөбе облысының ауылында қайтарылған активтер қаражатына медициналық пункт салынды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.