Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнерРуханият

Бұл фестиваль – жас домбырашылардың өнерін шыңдауға үлкен мүмкіндік беретін маңызды алаң

Елордада Дина Нұрпейісова атындағы III қалалық «Астана – күй қанатында» домбырашы-күйшілер фестивалінің қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазақ халқының рухани мұрасы саналатын күй өнерін насихаттауға бағытталған мәдени шара Достық үйінде ұйымдастырылды.

Фестиваль «Күй анасы» жеке қорының бастамасымен және Астана қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өтті.

Биылғы байқауға 14-18 және 19-35 жас аралығындағы домбырашылар қатысып, өз шеберліктерін көпшілікке танытты.

«Бұл фестиваль – жас домбырашылардың өнерін шыңдауға үлкен мүмкіндік беретін маңызды алаң.

Қатысушылардың орындаушылық деңгейі жылдан жылға өсіп келеді. Күй – ұлттың жаны, ал бүгінгі ұрпақтың осы өнерге деген талпынысы бізді қуантады.

Биыл байқауға студенттермен қатар бакалавриат пен магистратурада оқитын орындаушылардың қосылуы, сондай-ақ Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасынан үзінді оқу ұсынылуы өнерпаздардың шығармашылық ой-өрісін тереңірек бағалауға жол ашты», – дейді республикалық «Күй анасы» қоғамдық қорының басшысы Төлеген Қуанышев.
Байқау нәтижесіне сәйкес, 14-18 жас аралығында бірінші орынды Дәуір Рахметулла, екінші орынды Айнара Мұхтарова, ал үшінші орынды Таймас Даму иеленді. Ал 19-35 жас санатында бірінші орын Аяулым Асқарбаеваға, екінші орын Дана Дидарға, үшінші орын Думан Ақанға бұйырды.

Фестиваль жеңімпаздарына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

65 заманауи сүт-тауар фермасы салынады

admin_altyalash

Болашақта «Оқжетпес» брендімен әлемге танылсақ деген ниетіміз бар — Аян Ақмұрзин

admin_altyalash

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатарынан үшінші ойында жеңіске жетті

admin_altyalash