Сәтбаев ғалымдары ауыл шаруашылығы қалдықтарынан құнды материалдар әзірлеп шығарды  – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Желтоқсан 12, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Сәтбаев ғалымдары ауыл шаруашылығы қалдықтарынан құнды материалдар әзірлеп шығарды 

09.12.2025
0
Сәтбаев ғалымдары ауыл шаруашылығы қалдықтарынан құнды материалдар әзірлеп шығарды 

Сәтбаев университетінің ғалымдары қант қызылшасының сығындысынан – қант өндірісінің негізгі қалдығы және оның жалпы биомассаның 80%-на дейін құрайтын қалдықтан жаңа материалдар алудың инновациялық әдісін әзірлеп шығарды.

Постдокторант Faisal Kholiya мен PhD докторанты Меруерт Иманбек қауымдастырылған профессор Сана Қабдрахманованың жетекшілігімен гидротермалдық синтездің заманауи әдістерін пайдалана отырып, тағамдық және фармацевтикалық мақсаттарға жарамды жоғары сапалы пектин, шығымы шамамен 35% целлюлоза, сондай-ақ өлшемі 8-14 нанометр болатын фотолюминесцентті көміртекті кванттық нүктелер жасады.

Алынған материалдар азық-түлікті сақтау технологияларында, дәрілік заттарды жеткізу жүйелерінде, визуалды озық медицинада және қолданбалы нанотехнологиялық инновациялар саласында кеңінен қолданылуы мүмкін.

«Біздің жобамыз ауыл шаруашылығы қалдықтарын жоғары сапалы премиум-материалдарға айналдырудың жарқын мысалы болмақ», – деді жоба жетекшісі Сана Қабдрахманова.

Ғылыми зерттеу жұмыстары Сәтбаев университетінің Ө.Байқоңыров атындағы Тау-кен және металлургия институтының «Химиялық үдерістер және өндірістік экология» кафедрасы базасында жұмыс істейтін озық функционалды материалдар және олардың композиттері жөніндегі халықаралық R&D орталығында жүзеге асырылды.

Ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу өнеркәсіптік деңгейде толық іске асыруға болатын тұрақты және экономикалық тиімді процесс екенін зерттеу нәтижелері көрсетті. Бұл ауылдық өңірлерде жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, өнеркәсіп секторының әлеуетін нығайтуға және ел ішінде ғылыми-технологиялық құзыреттерді дамытуға мүмкіндік береді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астанада 2025 жылғы «JastarX» жобасының қорытынды диалог алаңы өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұлытау облысында өрт кезінде балаларды құтқарған полиция қызметкерлері марапатталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.