Алаяқтарға сенген павлодарлық зейнеткер 2 млн теңгесінен айырылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Желтоқсан 16, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алаяқтарға сенген павлодарлық зейнеткер 2 млн теңгесінен айырылды

15.12.2025
0
Алаяқтарға сенген павлодарлық зейнеткер 2 млн теңгесінен айырылды

Павлодар қаласында 72 жастағы зейнеткер әйел интернет пен телефон алаяқтарының құрбаны болды. Қылмыскерлер ұзақ уақыттан бері қолданылып келе жатқан алаяқтық схеманы пайдаланып, зейнеткердің сеніміне кіріп, ірі көлемдегі қаржысын иемденген.

Оқиға Ресей Федерациясының нөмірінен келген телефон қоңырауынан басталған. Белгісіз ер адам өзін дәрігер ретінде таныстырып, зейнеткерге басқа емханада вакцинациядан өту қажеттігін айтып, сендірген. Әңгіме барысында әйелдің телефонына СМС-хабарлама келген.

Алаяқтардың айтуымен зейнеткер сол хабарламадағы кодты айтып берген. Нәтижесінде қаскөйлер оның банктік шоттарына заңсыз қол жеткізген. Көп ұзамай зейнеткерге өзін “тергеуші Эдуард” және “қаржы жөніндегі маман Виктор” деп таныстырған тағы екі адам хабарласып, шотына “мемлекеттік қаражат” түскенін және оны кері қайтару қажеттігін айтқан.

Алаяқтардың нұсқауын бұлжытпай орындаған әйел өз шотынан 2 млн теңгені шешіп алып, шетелдегі белгісіз есепшотқа аударған. Тек қаржы аударылғаннан кейін ғана ол алданғанын түсінген. Қылмыскерлер ізін жасыру мақсатында барлық хабарламалар мен қоңырауларды өшіруді талап еткен. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға жүгінген. Павлодар қаласы полициясының мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады. Полиция өкілдері SMS арқылы келетін кодтарды ешқашан бөгде адамдарға бермеуге, сондай-ақ бейтаныс нөмірлерден келетін қоңырауларға сене бермеуге кеңес береді. Алаяқтар өздерін мемлекеттік орган қызметкері немесе медицина, қаржы саласының маманы ретінде таныстырып, заңды әрекет жасап жатқандай әсер қалдырады.

Сондықтан кез келген ақпаратты тексеру – қаржылық қауіпсіздіктің басты кепілі. Егер сіз немесе жақындарыңыз осындай жағдайға тап болса, дереу 102 нөміріне хабарласу немесе Павлодар облысы полиция департаментінің @dp_pavlodar Instagram парақшасына тікелей жазу ұсынылады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Келешек мектебінде алғашқы мамандандырылған дзюдо спорт залы ашылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұлттық ұлан әскери қызметшісі әнімен әлеуметтік желіні тәнті етті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.