Ұлттық ұлан әскери қызметшісі әнімен әлеуметтік желіні тәнті етті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Желтоқсан 16, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық ұлан әскери қызметшісі әнімен әлеуметтік желіні тәнті етті

15.12.2025
0
Ұлттық ұлан әскери қызметшісі әнімен әлеуметтік желіні тәнті етті

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің ефрейторы Александр Нетесов “Анашым” әнін орындап, әлеуметтік желі қолданушыларының зор ықыласына бөленді. TikTok платформасында жарияланған бейнеролик 100 мыңға жуық қаралым жинап, 8 мыңнан астам лайкқа және 1 200-ден астам жылы пікірге ие болды. Көрермендер бейнероликті жылы қабылдап, әннен шынайы эмоция мен жүректен шыққан сезімді сезінгендерін жазды.

Александр Нетесов — Ұлттық ұланның Ән-би ансамблі Ерлер хорының солисі әрі концертмейстері. Оның мемлекеттік тілдегі орындауын желі қолданушылары жүрекке жететін, шынайы және қазақ халқының мәдениеті мен дәстүріне терең құрметке толы деп бағалады.

Көпшілік “Анашым” әнінің оның орындауында ерекше әсерлі, жан тебірентерлік шыққанын атап өтті. Александрдың қазақ тіліне қызығушылығы бала кезінен басталған. Ол Ресейдің Кемерово қаласында дүниеге келіп, төрт жасында анасымен бірге оның туған жеріне қоныс аударған.

Балалық шағы өткен шағын ауылда күнделікті қарым-қатынас қазақ тілінде өрбіген. Сол ортада өскен бала айналасындағылармен бір тілде сөйлесуге тырысқан. Бүгінде қазақ тілі Александрдың шығармашылық жолында да айрықша орын алады. Ұлттық ұлан ансамблінің репертуарында қазақ тіліндегі шығармалар мол.

Солардың бірі — ұжымның визиттік карточкасына айналған “Туған жер” әні. Бұл туындымен ансамбль елдің алғашқы тұлғалары мен шетелдік қонақтар алдында өнер көрсетіп, Ақтөбе қаласында өткен байқауда Гран-при иеленген. Александрдың айтуынша, қазақ тілін меңгеру халықтың мәдениеті мен болмысын терең түсінуге жол ашады. Ол күнделікті өмірде қазақ тіліндегі әндер, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді орыс тіліне қарағанда жиі қолданады.

Сонымен қатар ол ағылшын тілін де еркін меңгерген және тіл үйренудің адамның мүмкіндігін кеңейтетініне сенімді. Александр Нетесовтың Ұлттық ұландағы қызметі, мәдениетке құрметі және жеке ізденісі өнер мен тіл арқылы адамдарды жақындастыра алатын тұлға қалыптастыратынын айқын көрсетеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алаяқтарға сенген павлодарлық зейнеткер 2 млн теңгесінен айырылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Көптеген музей ескірген инфрақұрылым базасында жұмыс істеуде

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.